3-тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша Қазақстанның қазіргі сәулет өнері туралы мәтін құрап жаз.
1. Қазақстанның сәулет өнері – мәңгілік құндылықтар.
2. Сәулет өнеріндегі бүгінгі жетістіктер
3. Қазақ сәулетшілерінің еңбектері – мәдени мұралар.
Халық қазынасы.
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Жылқылар топтасып, жүйткіп, кісініп ойнақтаса, шапқыласа, кешікпей күн суытып, ызғар соғып, боранды жауын қарлы борасын болады деп біледі. Жылқылардың жүні үрпиіп, жайылуға зауқы жоқ болса, онда біраздан кейін күн суытып ауа райы бұзылады. Ат әлсін – әлсін пысқырса, жазда жел күшейіп жауын жауардың, ал қыста қар жауып, қарлы борасын болады. Жылқы ыққа жайылса, жел, жауын, қарлы борасындар, ызғар суық жел болады. Айғыр үйірін, мойынын жерге сала, жиса ауа райы кешікпей бұзылады. Жылқы малы қыста, көктемде жайылғанда, қай жаққа қарап жайыла берсе, жайлы жылы күндер болады, ал желге қарсы жайылса, жайсыз күндер болатының белгісі. Бие кенет суалса, кешікпей жауын жауатын болады.