3-тапсырма. Тыңдалған мәтіннен ең қажетті ақпараттарды бөліп қарастыр.
- Cұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орында. Сұрақтарды жай
сөйлемдерге айналдырып айт.
Жасөспірім неліктен өзін үлкенмін деп есептейді?
» Мектепке немесе ортаға бейімделу дегенді қалай түсінесің?
» Тәртіп бұзатын баланы сынып қалай қабылдайды?
, «Қиын бала» деп кімді айтады?
Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.
Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.
Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;
Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.
1.Баты-тілі көркем ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз
2.Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған
соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы үш күнгі
ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда
беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан
бата алады. Тілек-бата үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын
жайып беретін батаның түрі.
3.«Бата адамға күш береді, жолын аша-
ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.
4.