Туған жер туралы көп жазады. Мен де өз туған жерім туралы жазғым келеді. Ата- ана баласын сұлу, ақылды, жақсы немесе жаман деп бөлмейді жақсы көреді ғой. Сол сияқты туған жерді адам өзі таңдап алмайды, қай жерде оның кіндік қаны тамды, сол жер оның туған жері. Ол оған қандай да болса ыстық. Туған жерінен шет жүрсе сағынады. Ол қандай әсем, табиғаты көркем жерде жүрсе де, өзінің шаңы шыққан, күні шыжыған, шаңы бораған болса да туған жерін бәріне айырбастамайды. Өйткені ол туған жер. Менің туған жерім.
Объяснение:Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.