В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
КОте2004
КОте2004
14.12.2020 17:15 •  Қазақ тiлi

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет», «Төрт түлік малдың пайдасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау жұмысы

1-мәтін
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау-мәдениет
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі.Оны қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты таба аласың.Ғаламторда шек жоқ.Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесің,хабарласасың.Тіпті,адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр.
Жалпы ғаламторды ретімен пайдаланса,өзіне қажетті деген сайттар мен ресурстарға кіріп,керегін ала алса,пайдасы өте көп.Мектеп оқушылары үшін барлық пәндер бойынша ақпарат көзі мол.
Ғаламдық желі,сөзсіз,адамның білімін жетілдіреді.. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады.Одан бөлек,ғаламтор - нағыз табыс көзі.Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.
«Ғаламтордың зияны» дегенді жиі естиміз.Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр.Меніңше,оның зияны қолданушылардың ішкі мәдениетіне байланысты.Күні бойы компьютерден бас көтермей керекті де,керексіз ақпараттардың тұңғиығына бату-адамның өзінің ерік-жігерін басқара алмауы.Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады.Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай.Жылы шырай танытып,шүлдірлеп сөйлесуден,жанды,табиғи қатынастан қалып барады.
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы-адамның денсаулығының нашарлауы.Өйткені ол қозғалыстан қалып,оның соңы бел,арқа,көз ауруларына әкелуі мүмкін.Жасөспірімдердің арасында жүйке ауруларына шалдыққандар саны артты.
Одан бөлек,қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді.Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.

1-тапсырма
Мәтіннің мазмұны не жайында?Сұраққа толық жауап беріңіз.

[1]

2-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша берілген тұжырымдамалар арасынан 2( екі) жалған ақпаратты анықтаңыз.


Тұжырымдама
Шын «+»
Жалған «-»

1
Ғаламтор арқылы алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де,достарыңмен де емін-еркін байланыс ұстамайсың, сөйлеспейсің, хабарласпайсың.

2
Жалпы ғаламтордың көмегімен шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады.

3
Ғаламтордың әсерінен бел,көз,арқа,бас аурулары мен жүйке ауруына шалдыққандар қатары да азайды.

[2]

3-тапсырма
Суреттерді пайдаланып,мәтінге сүйеніп ғаламтордың пайдасы мен зиянына мысалдар келтіріңіз. (Кем дегенде 5 мысал)

Ғаламтордың пайдасы:

Ғаламтордың зияны:







[5]

2-мәтін
Төрт түлік малдың пайдасы

Қазақ халқы үшін төрт түлік мал қасиетті саналады.Түйенің төлі-бота.Түйе-шөлге шыдамды,жүк артса-көлік,жесе-ет,жүні-киімге жараған.Қазақтар түйенің жүнінен шапан киген,ол жеңіл,жұмсақ әрі қыста жылы болған.Жамылғы көрпелер жасаған.Түйенің сүті-шұбат. Ол қою әрі құнарлы.Одан құрт,балқаймақ т.б.жасаған.
Сиырдың төлі-бұзау.Сиыр малын қазақтар көбінесе көшке де,егіске де пайдаланған.
Сиыр үйдің берекесі,отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған.Ертеде сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыс,қымыз ашытатын саба,сусын құятын торсық жасаған.Тезегін отын ретінде пайдаланған.Мүйізінен тарақ жасаған.Сүтінен ірімшік,құрт, май,
айран, қаймақ,қатық, сүзбе т.б.алынады.
Қойды қазақ халқы төрт түліктің ішінде ерекше мал деп есептейді.Қойдың төлі-қозы.Өзі өсімтал,еті дәмді,сүті майлы.Сүтінен құрт,май,сүзбе,ірімшік алынады.Жүнінен көрпе тіккен әрі киіз басып,жіп иіріп,киім,шұлық,қолғап тоқыған,бау,кілем,текемет,сырмақ жасаған.Терісін сырткиім,аяқкиім тігуге пайдаланған.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі-жылқы.Жылқы-жүйрік,өте төзімді мал.Төлі- құлын.
Сүті-қымыз,оны емге пайдаланған.Мінсе-көлік,сатса-пұл.Етінен қазы-қарта,жал-жая жасайды.
Жал-құйрығынан арқан-жіп еседі.Терісінен ыдыс-аяқ,аяқкиім,сырткиім жасаған.

4-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша кестені толтырыңыз.

Мал атауы
Төлі
Төрт түліктен алынатын тағам түрлері
(ет,сүт)
Тұрмысқа қажетті бұйымдар
Шаруашылыққа
қажетті заттар
Төрт түліктің пірі (атасы)

Қой

Сиыр

Жылқы

Түйе

[5]

Барлығы

Показать ответ
Ответ:
katyasaveleva2001
katyasaveleva2001
26.12.2020 14:31

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Студент71653
Студент71653
06.08.2020 13:43

Здоровье и гигиена, это очень главное для нас. Нужно соблюдать несколько правил, что бы быть здоровым и гигиеничным. Для того, что бы было здоровье, нужно правильно питаться, соблюдать режим сна(ложиться пораньше), побольше бегать, прыгать и упражняться. А гигиена нужна для того, что бы мы не получили различных вредных микробов. Для того, что бы их не получить, нужно чаще мыть руки. Например перед едой или после прогулки. Так же нужно чистить зубы два раза в день. Это утром и перед сном. Умывать лицо тоже очень нужно.

Если соблюдать эти правила, то мы будем здоровы.

Вот текст, ты можешь в переводчике перевести его с русского на казахский

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота