В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
xezi1
xezi1
19.09.2022 11:00 •  Қазақ тiлi

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым
Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы
57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып, 7 млн-нан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды. Себебі интеллект пен роботты техника дамиды екен. Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады. Бұл ретте ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беріледі. Сонымен бірге, ортаға жылдам бейімделу және сабыр, жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады. Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты сапалы білім.
Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар, 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? Ал еліміздің еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды.

Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) ЖОО, мамандық, болашақ
В) Жұмысбастылық, еңбек, білім
С) Адамдар, білім, студент
Д) Зерттеу, адамдар, күш

Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Мамандық түрлері туралы
В) ЖОО туралы статистика
С) Студенттерді оқыту
Д) Болашақ мамандықтар туралы

Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған
А Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 100-ден астам
мамандық түрлері бойынша кадрлар даярлайды.
В Болашақта 180 жаңа мамандық дүниеге келеді
C Жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, білімін үнемі арттыру
сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады.

Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
/алмастырады, алады, оқытады, даярлайды/
Сарапшылардың айтуынша болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын

Сұраққа толық жауап беріңіз.
Ең алдымен қандай қасиеттерге көңіл бөлінеді?

Оқылым
Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген
- қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де аса қажет.
Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді. Қазір Данияр үйленген. Отбасы, балалары бар. Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды. Бүгінгі таңда боксшы отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр. Ал туған ағасы шетелде тұрады.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым Шын Жалған
А Бас кейіпкердің туған ағасы бар
В 2010 жылы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанады
С Отбасылы. Қазіргі кезде еліміздің бас қаласында тұрып жатыр

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
қиындықпен (антоним) -
көп сөйлемейтін (синоним) -
Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).

Мәтіндегі ақпараттар Реті
Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек
Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді

Сұраққа толық жауап беріңіз.
Боксшы болу үшін қандай қасиеттер қажет?

Жазылым
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.

Жер байлығына аяулы көзқарас.
Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
KrisChuHD
KrisChuHD
26.04.2020 03:22

Сәлем Джон! қалайсың? Менің жағдайым жақсы. Қазақстанға қашан келесің? Сен соңғы кездескенімізде қазақстанның көрікті жерлері туралы білгің келіп еді ғой. Мен саған айтып берейін. Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан бұл есім алғашқы президентіміздің құрметіне қойылған. Астанамызда бәйтерек, ханшатыр, арал теңізі бар. Алматыда медеу мұз айдыны, қапшағай бар. Жер жанаты Жетісу дегендей Жетісуымыз да бар. Айта берсек көрікті жерлері өте көп. Жарайды қалғанын келесі хатымда айта жатармын. жауабыңды күтемін! Сау бол!

Сәлеммен досың Айдос.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Khan11111
Khan11111
26.04.2020 03:22

Қазтуған Сүйінішұлы шамамен ХV ғасырда Астрахань облысына қарайтын Красный Яр қаласының төңірегінде, Бозан, Ақтұба өзендерінің бойында дүниеге келген. Көшпелі тірлік салтын ұстанған ықпалды әулеттен шыққан. Айтулы жорық жырауы, әскербасы, батыр болған. Ел арасында "Қарға бойлы Қазтуған" атанып кеткен.Қазтуған жырларынан жыраудың өзінен жасы үлкен Асан Қайғының көзін көргенін аңғаруға болады. Кейін Асан Қайғының баласы Абатпен үзеңгілес болып, ел ісінде мақсат-мүдделерін ортақтастырған. Тарихи еңбектерде Қазтуған жыраудың ХV ғасыр аясында сексен жасқа жақын ғұмыр кешкені жазылады.Қазуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалды. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде және өзіндік сипатқа толы болғанын аңғартады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға толы, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары бірнеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған.

Объяснение:

Не знаю сколько слов ,надеюсь хватит

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота