Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің. Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! Уа, Еркіндік, қош келдің! Өзегімді өртке ораған қоғамда, Өз үйіме өзім өгей болам ба?! Алшаң басып жүре алмаса алты алаш Азаттығым! Қадірің де жоқ онда! ...Саған жету қиын болса қаншалық, Сақтап тұру қиынырақ одан да! Алла берген азаттықтың әр сәті- Аманат қой Маған, Саған Оған да! Саясатқа сермей алмай семсерді, Езгі күнге тері қылдым еңсемді! Желтоқсанда жалын атып жастығым, Құрсау болған темір қоғам теңселді! Есте даңқы қыршындардың қалды ма, Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!? Уа, еркіндік, Құның немен өлшеңді!? Уа, еркіндік! Құның немен өлшенді?! Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім, Ең шуақты, Ең шырайлы, Ең шерлі! Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын- Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Демалыс <br />Біздің мектепте демалыс басталды(в нашей школе начались каникулы).Мен демалысты ауылда өткіземін (я каникулы проведу в ауле).Ауылда, менің әжем тұрады(в ауле живёт моя бабушка).Мен әжеме көмектесемін.(Я буду бабушке).Мен демалысты жақсы өткіздім.(Я хорошо провёл каникулы)Әжеммен серуендеуге бардық.(С бабушкой ходили гулять).Ауыл таулы жердін алдында орналасқан ,ол жерде таза ауа,әдемі табиғат(Аул расположен рядом с горной местностью,там чистый воздух,красивая природа.)Менін ұмытылмас демалысым.(мои незабываемые каникулы).
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!