35
выделите самое главное.
магілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелейді. салта-
атты қақпаның маңдайында мемлекеттік рәміз — елтаңба, шанырак.
на уй керегелері, күн шұғыласы, алтын жалды қанатты пырақ бейне-
пеніп, «қазақстан» деген сөз жазылған.
«мәңгілік ел» салтанат қақпасы — айрықша сәулет ескерткіші.
«мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр. арка ұлттық оюмен бе-
зендірілген. абыз ақсақал мен данагөй ананың, қаһарман батыр мен ел-
шіл жауынгердің қола мүсіндері өнерлі қазақ халқының рухани өмірінің
тыныс-тіршілігін білдіреді. қақпаның бір жағына қожа ахмет ясауи кесе-
несіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылған. мұнымен қоса онда
қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан бейнеленген. қақпаның
бір қабырғасы тәуелсіздікке арналған. онда егемендік туралы деклара-
ция көрсетілген. бұл қабырғада «ақорда», «бәйтерек» секілді маңызды
нысандардың суреттері салынған (с. негимов).
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.