В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
vaniev2006
vaniev2006
08.05.2021 02:48 •  Қазақ тiлi

4. бақыт құсын қайтару үшін әмзеге қандай кеңес бересің? ​

Показать ответ
Ответ:
slaider1
slaider1
25.01.2021 08:15

ответ:

жайлау  – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы  сарыарқа  атырабы мен орманды, желді өлкелерде,  қазақстанның  солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай,  сауыр  және  тарбағатай  өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы,  іле алатауы  және  тянь-шань  тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау  өңірінде) болды.  қазақстанның  әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы,  жетісу  өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты.  қазақстан  жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Dimon2005Dima
Dimon2005Dima
05.01.2021 16:19
Төл тарихымыздың жадымыздан ешқашан өшпейтін зұлмат бір кезеңі – жоңғар шапқыншылары тудырған, халқымызға алапат қырғын әкелген «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қасіретті жылдары. ел басына күн туған осынау заманда ұлт намысын аяққа таптатпауды серт еткен ерлер бес қаруын асынып, атқа қонды. атамекенімізді қасық қаны қалғанша қорғаған сол батырларымыздың есімдері қазақ тарихында мәңгілікке алтын әріппен жазылып қалды. ел-жұрты ардақтап, көзі тірісінде-ақ ерлікпен өрілген өнегелі істерін аңызға айналдырған алыптар шоғырынан әсіресе, қаракерей қабанбай, қанжығалы бөгенбай, шапырашты наурызбай батырлар тұлғалары айрықша асқақтап көрінеді. бұқар жырау «ошақтың үш бұтына» теңеген бұл үш батыр абылай ханның ту ұстаушы бас батырлары, сенімді серіктері болған. тәуба, қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіндегі қазақ батырларының тарихи рөлі тәуелсіздігімізді алғалы бері біршама айқындалып, бүгінгі таңда зор тағылымдық мәнге ие болып келеді. осынау игі іске қал-қадерімізше үлес қосу мақсатында біз де «аңыз » журналының алдыңғы екі нөмірін қабанбай һәм бөгенбай сынды асылдарға және олармен шайқас даласында үзеңгі түйістіре қатар найза сілтескен ер замандастарына арнаған болатынбыз. ал бұл жолғы нөміріміз үшем батырдың жас жағынан кішісі болғанымен, атақ-даңқы жағынан ағаларынан еш кем түспейтін жампоз ер шапырашты наурызбай батырға, сондай-ақ наурызбаймен бірге жау қолын қазақ жерінен түре қуған ұлы жүздің жаужүрек батырларына арналып отыр. алайда, нөмірді дайындау барысында қынжылтқан жайт: наурызбай батыр туралы деректер аса көп емес екен. тарихшыларымыз негізінен, сол аз дереккөздер қатарындағы бұқар жыраудың толғауларына, қазыбек бек тауасарұлының «түп-тұқианнан өзіме шейін» деген кітабындағы мәліметтерге, шәді төре жәңгірұлының «тарихат» дастанына сүйенетінін байқадық. сондай-ақ, наурызбай батырмен жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелескен ресей патшасының жоңғар қоңтайшысы қалдан серенге жіберген елшісі карл миллердің күнделігі де құнды дереккөзіне жатады. тарихшыларымыздың баяндау­ларын саралай отырып тағы бір байқағанымыз – осыған дейінгі зерттеулердің өзінде бірізділіктің жоқтығы. соның бір мысалы, наурызбай батырдың әкесінің аты әр жерде әртүрлі жазылады. қазыбек бек тауасарұлының кітабында наурызбай құттымбетұлы болып жазылса, «қазақстан» ұлттық энциклопедиясында наурызбай құтпанбетұлы делінген. дұрысы қайсы? бұл орайда белгілі тарихшы талас омарбеков: «біздің ойымызша, тарихи шындық наурызбайдың әрі замандасы, әрі туған әкесіндей болған қазыбек бек тауасарұлының жағында деп білеміз. олай болса, наурызбай тарихымызда құттымбетұлы болып жазылуы керек», – депті. жалпы, тарихшыларымыздың сұхбаттары мен қолда бар әдеби-тарихи деректер арқылы көз жеткізгеніміз: наурызбай – ең алдымен, батыр. бас батыр. талай ұрыста қол бастаған, қазақ жасағын жеңіске жеткізген көреген қолбасшы, шебер ұйымдастырушы. ғалым з.ғайыповтың жазғанына сүйенсек, «аңырақай» шайқасында «өрсеткен ерлігі үшін батырға ата- бері келе жатқан «соқман» лауазымы берілген. бұл лауазым жаудың іргесін ыдырата сөгуде ерекше ерлікке ие болған батырларға ғана берілген». сондай-ақ, ол – елшілік қатынастарға да араласқан мәмілегер, ел қамын, ер тағдырын ойлаған саясаткер. кей тарихшылардың айтуынша, алла тағала бабамызды тіпті әншілік, күйшілік, сазгерлік, ақындық қасиеттен де құр қалдырмаған көрінеді. сұхбаттарды оқи отырып, әсіресе, рухың еріксіз атойлап шыға келетін тұстар – наурызбай сынды азулы батырдың жоңғар батырларымен жекпе-жекте таудай алып тұлғасымен жаудың зәре-құтын алып қана қоймай, ересен күш-қайраты мен жете меңгерген айла-әдістерінің арқасында қарсыластарынан алапатын асыратын жеңісті сәттері. ұрыс даласының жекпе-жек дейтін қатал заңы бойынша тілеулес жұрты додаға үкілі үмітпен шығарып салатын, қос батыр ел намысы үшін арпалысатын осындай сын шақтарда наурызбай батыр көксүңгісін қаскелеңнің жауырынына бойлай қадаса, шамал ханды шоқпарымен бір ұрғанда-ақ жер жастандырған.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота