4. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі артты және жекетұлғалардың банк жүйесіндегі салым-
дары өсті.
Берілген сөйлемнің түрі (2 дұрыс жауабы бар):
а) екіқұрамды құрмалас сөйлем;
ә) көпқұрамды құрмалас сөйлем;
б) салалас құрмалас сөйлем;
в) сабақтас құрмалас сөйлем;
г) аралас құрмалас сөйлем.
5. Баламалы энергия көздері (2 дұрыс жауабы бар):
а) мұнай;
ә) газ;
б) көмір; в) жел;
г) су.
6. Құрмалас сөйлемдерді көрсет (2 дұрыс жауабы бар):
а) ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа технологиялар
көрмеге қойылып, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетілді.
ө) Біз жаңа технологияларды көріп, өлемдегі озық техноло-
гиялардың қалай дамып бара жатқанына куә болдық.
б) Астанада өткен ЭКСПО-ның тақырыбы – «Болашақ энергиясы».
в) Испанияда өткен ЭКСПО тақырыбы су проблемаларына арнал-
ған болатын, ал көрмеден соң мұнда Халықаралық су орталығын
құру туралы шешім қабылданды.
г) Қазақстанның Алтайдан Атырауға дейінгі алып жатқан Ұлы
даладан баламалы энергетиканың түрлі зертханаларын, сынақ поли-
гондарын ашуға болатын еді.
43
Осы кімде бар өтініш ертеңге дейін
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!