4. Емле ережелеріне сүйеніп, пунктуациялық қателерді түзетіңдер. Елордамыз менің шығармашылығыма жаңа тыныс жа-
ңа леп әкелді бас қала болғаннан кейін ақын ағаларымыз қо-
ныс аударды әдеби ортаның жаңа әлемі қалыптаса бастады
Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды енді бас
қаламыз экономиканың ғана орталығы емес әдебиет пен ру-
ханияттың да ордасына айналды көптеген жоғары оқу орын-
дары бой көтерді жан-жақтан таланты тас жаратын жастар-
дың басы жиналды қайтадан қыран құстай түлеуіме ақын бо-
лып танылуыма осының әсері тиді елордаға жас ақындар көп-
теп келген соң бір-бірімізбен шұрқырасып табыстық бір өлең
жазсақ, соны оқуға асықтық...
Интонация(лат. іntono)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия
Ритм
Темп
Қарқындылық
Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.