Бөрі – қасқырдың қайтпас қайсар жас кезі. Ал көкжал – үйірдің басшысы. "Үйірлі көкжал" деп осыдан айтады. Үйірлі қасқырлар қарда бәрі тізіліп, бірінің табанын бірі басып, бір ізбен жүреді. Жалғыз қасқыр кетіп бара жатқан секілді көрінеді. Үйірде мықты тәртіп пен бақылау болғандықтан қандай да бір шашау шықпайды.
Сол киелі көк бөрілердің үйірінде тамақ ең алдымен бөлтіріктер мен кәрілеріне беріледі. "Бөрі кәрісін сыйлайды" деген осыдан айтылған. Тіптен жараланып қалған қасқырды да үйірдегілер тастамай, өлгенге дейін сүйемелдеп алып жүреді. "Қасқыр да қас қылмайды жолдасына" деген осыдан айтылған.
Әдетте, күшіктеген қаншырды ұялас деп те атайды. Кейде үйірге қуғын түскен кезде арлан қуғыншыны адастыру үшін өтірік қаша алмаған болып, ақсап, адастыруға тырысады. Оған мүмкіндік болмаса қуғыншыға тіке шауып, өзін өлімге қияды.
Қасқыр үйірінің ақшуланы (қартайып қалғандары) жортқанда үйірді бастайды. Ал көкжал – үйірдің атаманы, иесі болғандықтан үйірдің ең соңында бақылап, басқарып отырады. Үйірі тек бөлтіріктер мен қаншырдан құралса, арлан жол бастайды әрі күзетті де бірге атқарады. Қандайда бір қауіпті жағдай туса, арлан мен ақшулан және бөрілер бірлесе үйірдегі бөлтіріктер мен қаншырларды құтқару үшін күреседі.
Қасқырдың ұрғашысын бұрынғы заманда "құртқа", "өлекшін" деп, кейін "қаншыр" не "қаншық" деп атаған. Ал еркегін "арлан" деп атайтынын бәріміз білеміз, – деп бастады аңшы әңгімесін.
Қазақ болсын, басқа түркі халықтары арасында болсын көкбөрі туралы әңгіме таусылмайды. Аңшылық – шертіле берер шежіре.
Қасқырдың күшігі – бөлтірік деп аталады. Жаңа туған бөлтірік бір жылға дейін үйірдің қорғауында болады әрі аң аулауға, сақтануға, қашып құтылуға үйретіле бастайды. Екінші жылынан бастап жеке дара жем іздеуге шығады
Қасқырдың бөлтірігін өлтіріп кетсе, қаншығы өш алу үшін аянбайды. Кейде тамақ жемей, құсадан өледі екен. Сол үшін өлекшін атанған болу керек.
Әдетте қазақ танымында ит және қасқыр 3 айда бір жас жасайды деп есептейді. Қазақ бөрі деп туғанына 2 жыл толған, яғни 5-8 жас аралығындағы қасқырды атайды.

Объяснение:
Қасқыр туралы