В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
GetMaths
GetMaths
30.01.2020 19:47 •  Қазақ тiлi

4. Сабақта сөз болған таулардың біріне саяхат жасайтын болсан, қайсысын таңдар едің? Неге

Показать ответ
Ответ:
linayaryshkina
linayaryshkina
15.05.2021 11:44

Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.

– Аға, біз қыпшақ, атам аты Ерторы, әкем аты Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін, – деді бала көзі жасаурап, мөлтең қағып.

– Балам, сен мені жылқышы ата дерсің, – деді қазақ шал түсі жылып, – құдай аламанға кезіктіріп, таландыға бір түскен екенсің, бекер жаси берме. Ай-Күн жарықсыз болмас.

Ат құлағында ойнап өскен қыр баласы сол қырғын күнгі мың жылқысын қорыған қыпшақтың шетінен сүйекті, сай тасындай ірі, сом білегі тізеден келетін үш ер азаматының қасында шоқайып, өзі тіленіп, ат арқасынан түспей қойған. Қырық қаралы теке түрікпен* жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек. «Жал-жал құм арасына қаш! Қалың жыңғыл, сексеуілді панала, тез тығыл, жотадан ассаң, жау таппай қалар, құтыл, бауырым!», – деп бірі артына қарайлай бере, Кенжебекке жанұшыра айқайлаған.

Кенжебек астына мінген дегдар тұяқты жануар қиқу тиіп, құйрық-жалы нөсердей құйылып, дүр сілкінгенде желдей ескен мың бас жылқыдан үркіп, кісінеп салды. Ойдым-ойдым құм арасы жылқы жаюға қолайлы болғанымен, ат күрмеліп, шаба алмайды. Бала ішіне шоқ түскендей, айнала үшеуін, батыр ағаларын ажал сұмға қимай, көн садағын қолға ала ұмтылды. Омыраулай қарсы келген жалбыр бөрік дәу түрікпен ат үстінен қарғадай баланы жұлып кеп алды. Ұрыста жазым болып, қосақ арасында бекерге өлмесін деп ол баланы алдына лақша өңгере салды.

Жылқы күзеткен арыстай үш жігіт ұрыста өліп, Ерторының немересін табын-табын жылқымен қоса теке түрікпен олжалап, күнбатыс еліне айдап әкеткенін естігенде, тұсауы кесіле сала ат арқасына мінгізген қыпшақ елі ұлардай шулап, қатындар дауыс сала, бет жырта жылап, аһ ұрып қала берді.

– Қай ноғайсың? – деп сұрады бала іркілмей.

– Қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген мен бір қаңлы.

– Қаңлы ішінде қай аталық? –деді бала ересек адамша сыр тартқысы кеп.

– Тегін сұраған жат болмайды. Қаңлы десем, көгім қазақ дегенім, қарағым. Бабам азан шақырып қойған есімімді, сүйегімді жариялап айтпай-ақ қояйын. Сен сұрама.

Кенжебек жалшы шалдың ата тегін, руын дәл атауға құлықсыз екенін, батпандай құпия қайғысын нұры тайған көзінен ұқты. Әйтпесе тұқымы асыл болса астындағы атына өз тайпасын қосақтай айтуға шалт қазақ нәсілінен ғой.

– Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.

Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.

– Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.

Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.

Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lchayanb17
lchayanb17
12.09.2021 09:52
Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы асты өте жоғары бағалап, қастерлей білген. Халқымыз адам өмірінде тамақты тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Кез келген қазақы шаңырақтың дастарханын ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да төменде ұсынылған халқымыздың ұлттық ыстық ет тағамдары сіздің дастарханыңыздың шырайын одан әрі аша түседі деген сенімдеміз. Салтымызды құрметтеп, қазір де осы тағамдарды ұмытпай, әзірлеп жүрейік. Қазақша ет. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды. Қуырдақ. Қуырдақ - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес. Әзірленуі қиын емес және тез піседі. Қуырдақты сұрп ет пен өкпе бауырды, бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып, қуырып пісіреді. Жас етті кейде апаларымыз қаймаққа да қуырып пісіреді. Мұны «бал қуырдақ» дейді. Сірне. Жас төлдің етінен пісірілетін дәмді тағам. Қозы мүшесін жіліктеп қазанға салып, үстіне бие сүтін немесе жаңа тартылған сұйық қаймақ құйып, тұз салады да, буын сыртқа шығармай, бұқтырып жайымен қайнатады. Сонда сүт те, қаймақ та етке сіңіп, оның сүйегіне дейін жұмсарып пісіп шығады.

Толығырақ: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauryz/1006/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота