Адам үшін ар мен ұят ұғымы өте маңызды. Ар-ұят- адамның адамгершілігін білдіретін ең басты құндылық. Ақылды адам әрқашан да намысқа тырысып, өліп кетуіңе тура келсе де абыройың сақтауда еш аянбайды. Себебі, өлімнен ұят күшті. Еріне қарап елін танитындықтан, ер жігіт намысшыл, арлы болуы керек. Ел намысы-ер намысы деген.