4. Төмендегі сөздерді орфографиялық принциптерге бөліп жазыңдар, ережесін түсіндіріңдер.
Морфологиялық принцип
Фонетикалық принцип
Дәстүрлі принцип
Жазса, сенбі, фестиваль, түнгі, қашанғы, жарқабақ, орын-
басар, көзбе-көз, тауып, құлағы, бозжусан, көк дөнен, жүре-
гі, белбеу, керек екен, қолғап, самауыр, шәйнек, пәуеске,
бөрене, пайда, хат, ес жоқ, жеребе, халық, шкаф, гауһар, бес
жыл, жиһан, қаһарман, геометрия, ауа, сәнқой, Досжан, тас-
жол, стақан, дүйсенбі, қарлығаш, ашудас, сөзжасам, бозкөде,
бозша, бүгін.
Дәрумендер-денсаулық кепілі.
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегенiмiз - жеміс-жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін колдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асказанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Бiздiң үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - казак халкынын сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бiр литрiнде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен катар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері
кездеседі.