4-тапсырма. Б.Момышұлының нақыл сөздерін бірнеше рет тыңдаңдар (38-аудио). Қандай ой айтылған? • Ердің туы намыс. • Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. • Жаныңнан күдер үзе соғы ң, Жауды күйрете алмайсың. • Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті.
1.Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек.
2.Айтыскер ақынға жүйріктік,білгірлік, тапқырлық, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Осындай қасиеттер керек деп ойлаймын!