4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, бірыңғай мүшелерді қа- тыстырып, диалог құрыңдар. Бірыңғай мүшелер мен интонациялық кіді- рі туралы түсінігіңді сыныптасыңа айт. табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғатты қорғау дүниежүзілік мәселе тиімді пайдалану қондырғылар орнату ластанған ауа
Интонация(лат. іntono)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия
Ритм
Темп
Қарқындылық
Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.