4-тапсырма. Берілген үзінділерден айшықтау түрлерін
тауып талда, мағынасын түсіндір.
Жеткізбес Құдай сүйсе баққа кімді,
Қарыны ақ түйенің ақтарылды.
Ат шаптыр, аруақ шақыр, тойла қазақ, а
Тәуелсіз Президентің атқа мінді.
Ошақтың үш бүтындай үшкіл қазақ,
Ел болып еңсе көтер, күш қыл қазақ.
Сиырдың бүйрегіндей бытырасаң,
Қашанда көрер күнің мүшкіл қазақ!
Тажалдың тамағы боп игілігің,
Заманның көрдің салған қиғылығын.
Еркінде қалай бұрсаң аттың басын,
Өзіңе өз тізгінің тиді бүгін!
Жүндеген куанды да, жуасты да,
Бодандық батты мәңгі су астына.
Ұлт болсаң ұятың бар, иманың бар,
Ал енді жиналыңдар Ту астына!
Томирис, Еділ патша, Елтеріс хан
Аңсаумен еркін өмір арпалысқан.
Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған.
« «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Македониялық Александр.» »
Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.
Осы Зұлқарнайын, яғни Македониялық патша да қазақ даласын жаулап алуды қалаған. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Ескендір осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Ескендір заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Ескендір жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Ариялық Александрия (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Маргиланиялық Александрия (қазіргі Байрам Али) Бақтра қаласының маңындағы Александрия, т.б.
Ескендірдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Ескендір жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Ескендірдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да Парапамизусты Кавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезінде Страбон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Ескендір жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Ескендірдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Ескендірдің абыройын артқыза түспек болған.
Дәл осындай қатені Ескендір тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірде Оксиартес деп те атаған.
Страбон осы жазушының қасақана жасаған қателігін анық дәлелдеп берумен қатар Сырдария өзенін Яксарт деген атаумен атап, Үндістан жерінен бастау алып, соғдылықтар мен көшпелі скифтердің шекарасы болып ағып жатқанын, бұл өзен Персия елінің қиыр шеті екенін әрі Ескендір күйреткен Кирополис қ-ның осы өзеннің бойында болғанын айтқан. Страбон өз еңбегінде көшпенді скифтердің негізгі тайпалары ретінде сақтарды, дайларды, массагеттерді айтады. Ал Птолемей Сырдарияны Яксарт деп атап, ол үш иеліктің – сақтар, соғдылықтар және скифтер жерін суландырып жатқанын дәлелдеп, Сырдарияның солтүстік бетін жайлағандар саны көп халық яксарттар еді дейді.
Осы бір дауларды шешуге өз үлесін қосқан, қызғыштай қорғаған орыс ориенталисі, «қазақ тарихының Геродоты» аталып жүрген Алексей Ираклиевич Левшин осы жұмбақтарға мынадай үлес қосты.
- Сұлтан сәлем! Мен ауырып сабақты қалдырып алдым!
- Сәлем, жазылып кет! Сабақты түсінбей қалатын болдың ау? Бірақ мен бармын ғой бәрін өзім түсіндіремін!
- Рахмет, Сұлтан , қандай тақырып өттіңдер?
- Бүгін “жалқы және жалпы” есімдер жайлы сабақ болды.
- Жалқы есім деген жер-су аттары мен адамның аттары емеспе?
- Жарайсың, дұрыс! Оларға Алматы, Орал, есімдерден Айжан, Дархан т.б жатады. Және жалқы есімдер әрқашанда бас әріппен жазылады !
- Ал жалпы есімше?
- Жалпы есім дегеніміз жер-су аттарымен мен адамның есімдерінен басқа заттар жатады, яғни күнделікті қолданылатын заттар, мысалы: тақта, парта, бор, сөмке осы заттардың бәрі жалпы есім. Есіңде сақта жалпы есім кішкентай әріппен жазылады!
- Түсіндім, есімде сақтаймын! Мектепте кездескенше, сау бол!
- Сау бол!