4-тапсырма. kitap.kz сайтынан жырдың толық нұсқасын оқы немесе тыңдап, сұрақтарға жауап бер. 1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры не туралы?
2. Қозы мен Баянның махаббатына кім кедергі келтіреді?
3. Қодар не істейді?
4. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қандай жанрға жатады?
1)Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян жүздерін көрмегенімен, бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап, қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.
2) Қодар кедергі келтіреді
3) Қодар Қозының басын алады
4) Лиро-эпостық жыр жанрға жатады
Объяснение:
Надеюсь что правильно. Задание делала сама. Все удачи!)