4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрыңдар. Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артық
мұрат жоқ. Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен бiлегiн түрiп шыға
келетін елгезектік емес, ол бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектің
көкейтесті мүддесін та танып барып, қайратқа жүгініп,
әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік. Мұндай өресі биік күресте сара
ақылмен қоса, салқын сабыр таптырмас қару. Ұрпақтың ұрпаққа
қалдырар ең асыл мұрасы өзі бастан кешкендерден түйген азды-көпті
рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым өзінің келешегінен күдер
үзген қауым.
(Әбіш Кекілбаев)
1. Еліңнің тағдыры – өзіңнің тағдырың.
2. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.
3. Еліңнің жұты болма, құты бол.
4. Бақ атадан қалған мұра емес.
(Мырзатай Жолдасбеков)
Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табыса
білудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс.
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл.
Тіл – халықтың перзенті.
Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси-экономикалық
және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана
кіре алады.
(Мұстафа Шоқай
Үстелдің үстінде жорнал жатыр. – На столе журнал лежит.
Сөрелердің артында ештеме жоқ. – За полками ничего нет.
Үйдің сыртында алма бағы бар. – Снаружи дома есть яблоневый сад.
Бақтың ішінде балалар жүр. – Внутри сада дети бегают.
Үйдің оң жағында сауда үйі тұр. – Справа от дома торговый дом стоит.
Бала ағаштың түбінде отыр. – Ребёнок у дерева сидит.
Диван мен теледидардың арасында кресло тұр. – Между диваном и телевизором кресло стоит.
Қаланың шетінде үлкен саябақ бар. – На окраине города большой парк есть.
Көлдің айналасында гүлдер бар. – Вокруг озера цветы есть.
Қаланың орталығында қонақ үйі тұр. – В центре города гостиница стоит.
Үстелдің үстінде де, астында да ешнәрсе жоқ. – И сверху стола и под столом ничего нет.
Орындық кереует пен диванның ортасында тұр. – Стул между кроватью и диваном стоит.
Сенің үйіңнің төбесінде антена бар ма? – На твоём доме антена есть?
Сіздің үйіңіздің қасында дүкен бар ма? – Возле вашего дома магазин есть?