4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрыңдар. Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артық
мұрат жоқ. Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен бiлегiн түрiп шыға
келетін елгезектік емес, ол – бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектің
көкейтесті мүддесін та танып барып, қайратқа жүгініп,
әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік. Мұндай өресі биік күресте сара
ақылмен қоса, салқын сабыр таптырмас қару. Ұрпақтың ұрпаққа
қалдырар ең асыл мұрасы өзі бастан кешкендерден түйген азды-көпті
рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым өзінің келешегінен күдер
үзген қауым.
(Әбіш Кекілбаев)