4-тапсырма Мәтінді оқы. Мәтіннен кестенің әр бағанына сәйкес 2 сөз тауып жаз.
Ахмет Байтұрсынов-қазақтың ғалымы, ағартушысы. Ахмет Байтұрсынов Торғай
облысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын шпрак,
намысшыл, батыл, сергек адам болған . Ол Ахметті Торғайдағы екі сыныштық орыс-
қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы төрт жылдық мектепке
оқуға түседі. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.
Етістік
Сын есім
Қасиетті қарағаш
Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн 700 жастағы ерекше ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие-ағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғанабар. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулартүрлі ауруларға ем деседі. Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.