4-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой. Геологтердің тауды зерттеуін дәрігердің адам қарауымен салыстыруға
болады. Дәрігерлер адамның денсаулық күйін білу үшін сыртқы бейнесіне
көз жібереді, одан кейін тамырын ұстайды. Өкпенің демалысын, жүректің
соғуын тыңдайды. Кеудесін қағып көреді, ток жібереді, қанын алып қарайды.
Керек болған жағдайда хирургтер операция жасайды.
Геолог те алдымен таудың сыртқы құрылысына қарайды. Тастардың
бітісіне, жатысына назар аударады. Әр жерін шұқып, тырнап көреді. Ди-
намитпен қопарып, «тау кеудесін» тыңдайды. Дәрігерлердің қан алғаны
сияқты тау қойнынан белгілер алып, зерттейді. Сонан кейін керек болған
жерде жалаңдаған аспаптармен тауға «операция жасайды». Таудың қарнын
тесіп, ішін ақтарып, талдайды. Ақыры таудың тіршілігін толық анықтайды,
тәжірибе жүргізеді. Оның қазынасын тауып, халықтың керегіне жұмсайды,
Таудың сырын зерттеу — өнер. Оны білу үшін адам білікті, шығармашыл,
ақылды, оның тасын да сүйе алатындай мейірімді болуы керек...
А. Машанов
ЖАЗЫЛЫМ
5-тапсырма. Сөздіктің көмегімен мәтіндегі қою қаріппен жазылған
сөздердің мағынасын анықта. Мәтіннен есімдіктерді тауып жаз.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Объяснение:
Правильно ???
Абай жолы — М.Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.Ақын, ойшыл, Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеум. мәнін күшейтуге тырысады.Мұхтар Әуезовтің қай шығармасын алсақ та, одан ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқына, Отанына деген ыстық сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке қарсылығы көзге оттай басылып тұрады. Бұған айтпасақ та дәлел болатын мәңгі өшпес, теңдесіз мұрасы - «Абай жолы».Мұхтар Әуезов – ғасырда бір туатын жазушы болса, «Абай жолы» - ғасырлық туынды, ғасырда бір туатын шығарма.
Объяснение:
тут больше 70. можете по своему сократить