В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
aloaloaloalo
aloaloaloalo
19.10.2022 18:44 •  Қазақ тiлi

4-тапсырма. Мәтінді оқы. Жетіс септік табу. Климаттық өзгерістердің зардаптары Арктика мұздарының еруі мұхиттық ағыстардың өзгеруіне және осы аймақта температураның көтерілуіне соқтыруы мүмкін. Мұз- дықтардың еруі мен мұхит суының жылынуы нәтижесінде теңіз деңгейі көтеріледі. Жауын-шашынның молдығынан көптеген аймақтарда тасқын болып жатыр. Күшті ) дауылдар, аптапты қуаңшылық, жылу толқындары жиілеген. Жан-жануарлардың салқынырақ аймақтарға көшуі нәтижесінде экожүйенің өзгеруі орын алып отыр. Ғаламдық жылынудың әсерінен жаңбыр жауу түрлері де өзгереді. Жауын мөлшерінің төмендеуінен жерасты сулары азаяды, ал теңіз деңгейінің көтерілуінен жағалау аймақтарындағы су ластанады. Бұл факторлар ауызсу мен егінді суаратын судың тапшылығына әкеледі. Ғаламдық жылынуды азайтуға көмектесетін көптеген шаралар бар. Олардың бірқатары: Ағаштарды көбірек отырғызу және ормандарды кесуді тоқтату. Шамдарды және басқа да электр құралдарын өшіріп жүру арқы- лы қуатты үнемдеу, осылайша табиғи ресурстардың сақталуын қамта- масыз ету. Қоқыс көлемін азайту, қоқысты қайта өңдеу табиғи ресурстардың сақталуына өз септігін тигізеді.

Показать ответ
Ответ:
elizavetanosova2000
elizavetanosova2000
30.08.2022 10:21
1. Дастархан – қасиетті орын. Дастархан басында ұрыс-керіске жол беруге болмайды. Отырғандар бір-бірімен келіспей, дауласуға да болмайды. Және де үстел басында ит, есек сияқты өзге де лас жануарларды атауға тыйым салынады. Оларда бір үстелдің басында атасы мен немересі, әкесі мен ұлы, ағасы мен жиені, енесі мен күйеу баласы, бірге туған бауырлар (егер де олардың арасында, яғни жастарында айтарлықтай айырмашылық болып жатса) қатар отырмайды. Бұл салт-дәстүр бұзылып жатса, кішілер жасына қарай немесе жағдайға байланысты үлкендерге сыйластығы бұзылды деп есептелінеді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ppetrovaa
ppetrovaa
01.03.2022 15:06

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 5 жазғы және 5 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 1988 жылға дейін қазақ спортшылары КСРО құрамасының қатарында өнер көрсетті.

1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында да Қазақстан спортшылары Біріккен команда құрамына енді. Бүгінге дейін ел қоржынына спорттың жазғы түрлері бойынша 58 олимпиада медалі мен спорттың қысқы түрлері бойынша 6 медаль түскен.

Күні кеше аяқталған Лондон Олимпиадасы қазақ елі үшін жемісті болды. Бұрын-соңды отандық спортшылар мұндай жоғары жетістіктерге қол жеткізбеген еді. Бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ел намысын қолдан бермеген, көк байрағымызды көкке көтерткен толағайларымызбен қайта қауышсақ.

1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салды.

Василий Жиров -  Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы.

Юрий Мельниченко - грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері.

 Александр Парыгин - Олимпиада чемпионы, бессайысшы.

Тәуелсіз Қазақстанның екінші Жазғы Олимпиадасы Сиднейде (Австралия) өтті. Онда да спортшыларымыз ел абыройын асқақтатып, 3 алтын, 4 күміс медальді қанжығаларына байлады. 

1-нші орын алған спортшыға ел үкіметі 100 мың АҚШ доллары, 2-нші орын алған спортшыға - 50 мың АҚШ доллары, ал 3-нші орын алған спортшыға 30 мың АҚШ доллары көлемнде сыйақы тағайындады.

Ермахан Ыбрайымов - Олимпиада чемпионы, Атланта Олимпиадасының  қола жүлдегері, боксшы.

Бекзат Саттарханов - Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Ольга Шишигина - Олимпиада чемпионы, кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды.

2004 жылғы Афин Олимпиадасына ұлттық құраманы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті бастап барды. Ұлттық құрамаға спорттың 17 түрі бойынша сайысқа түскен 119 спортшы кірді. Спортшыларымыз ел қоржынына 1 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль салды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 40-ншы орынға тұрақтады.

Бахтияр Артаев  - Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Қазақстанның ұлттық Олимпиада құрамасы  XXIX Жазғы Олимпиада ойындарына 132 спортшысын апарды. Олар 22 спорт түрі бойынша бәсекеге түсті.  Бейжің Олимпиадасында Қазақстан спортшылары 29-ншы жалпыкомандалық орынға тұрақтады. Ел қоржыны 2 алтын, 4 күміс, 7 қола медальмен толықты.

Бейжің Олимпиадасының алтыны үшін ел үкіметі 250 мың доллар, күміс жүлдесі үшін - 150 мың доллар, ал қола жүлдесі үшін 75 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады.

Бақыт Сәрсекпаев - Олимпиада чемпионы, боксшы, 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Илья Ильин - Қазақстанның екі дүркін олимпиада чемпионы. Ауыр атлетші. Бейжің Олимиадасында Илья жұлқа көтеруде 180 келіні, серпе көтеруде 226 келі салмақты еңсерді. 94 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсетті

ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 115 спортшымен Тұманды Альбионға аттанды. Байрақты бәсекеде ел спортшылары 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен 12-нші жалпыкомандалық орынға көтерілді. - велошабандоз. Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Зульфия Чиншанло - ауыр атлет, Олимпиада чемпионы, 53 келіге дейінгі топта өнер көрсетті.

Майя Манеза - ауыр атлет, Олимпиада чемпионы, 63 келіге дейінгі топта өнер көрсетті.

Светлана Подобедова, 291 келі салмақты еңсеріп, Олимпиада чемпионы атанды. 75 келі салмақта өнер көрсетті

Илья Ильин Лондон Олимпиадасында екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды. Жұлқа көтеруде 185 келіні, серпе көтеруде 233 келіні, жалпы 418 келі салмақты еңсеріп, серпе көтеруде жаңа әлемдік рекорд қояды. Илья - Қазақстанның тұңғыш және жалғыз екі дүркін Олимпиада чемпионы. Сондай-ақ Илья Қазақстанның жалғыз үш дүркін әлем чемпионы.

Ольга Рыпакова - Олимпиада чемпионы, үш қарғып секіру сайысы бойынша өнер көрсетті.

Серік Сәпиев - боксшы, Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогына ие болған қазақ жерінен шыққан үшінші спортшы. Қазақстанның Ұлттық бокс құрамасының капитаны. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Сондай-ақ Лондон Олимпиадасының басқа да жүлдегерлеріне тоқталсақ.

Әділбек Ниязымбетов - Олимпиаданың күміс жүлдегері, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.


Даниал Гаджиев - Олимпиаданың қола жүлдегері, грек-рим күрес шебері. 84 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.


Марина Вольнова - Олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы, 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.


Гюзель Манюрова - Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес шебері, 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Иван Дычко - Олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы,  91+ келі салмақта өнер көрсетті.

Ақжүрек Таңатаров - Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрескер, 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота