В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Апётр
Апётр
10.07.2020 23:50 •  Қазақ тiлi

4-тапсырма. Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздерді қатыстырып 5-сөйлем құрастыр.Сөздер: танымал,жазба деректер,кепіл,бұйымдар,өгіз терісі;

Показать ответ
Ответ:
поля1209348756
поля1209348756
06.04.2020 18:53

Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның символы.

Ерте заманда қазақтың ұлан байтақ даласында бір тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ батырдың отбасында 9 ұл болыпты. Күндердің күнінде оныншы ұл дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді екен.

Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киеді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған.

Аңызға сүйінсек, «Алтын адам», яғни 18 жасар жауынгер бала асқан батыр, жауға қасқая қарсы тұрар батыл ер азамат болған деседі. Оның ерліктері мен естеліктері көп-ақ, әрине. Алайда оның барлығы дерлік нақты шындыққа дәлел бола алмайды.

1969 жылы Алматыға жақын Есік қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар, мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды. Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда болғанын дәлелдейді.

Еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз ел болғанына, міне, жиырма сегіз жыл болмақ. Жеке мемлекет аталып, тілімізді, дінімізді, елтаңба-әнұранымызды және көк туымызды көкте желбіркеттік. Ту, елтаңба, әнұран қатарына тағы не қосар едің десеңіздер, ол, әрине, Алтын адам дер едім. Алтын адам өз дәуірінің баға жетпес байлығы, асыл қазынасы.

Алтын адам – қазақ тарихының феномені. Есік қорғанынан табылған мұра ел тарихына теңдессіз үлес қосты. Тұңғыш Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы Алтын адам феноменін ерекше атап көрсетіп, оның тарихи маңызын терең зерттеуді тапсырған болатын. Тарихшыларымыз Алтын адамды жас көсем әскербасы деп, енді бір деректерде сақ көсемінің ұлы деп те көрсетеді. Алайда оның сыры тарих қойнауындағы құпия болып қала бермек.

Алтай мен «Алтын адам". Екі ұғымды егіз деп алсақ та, Тәуелсіздік алған соң ғана Алтай өңірін түбегейлі зерттеп, тарихымыз тың жаңалықтармен сол тұста ғана толықты.

Алтын адам «біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық» екедігін және оның «Қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие екендігін мақалада баса көрсетіп, тілге тиек етеді.

«Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті»- делінген тұңғыш Елбасы мақаласында. Бұл жүйелі сөздермен келісе отырып, көшпелі қазақ кезіндегі нағыз өркениеттің көрінісі, мәдениетіміздің қайнар бұлағы Алтын адам дер едім.

Қорыта айтқанда, еліміздің нақышының қатары Алтын адаммен толықты. Өйткені, Алтын адам – ел ертеңінің, тарихымыздың өзіндік ойып тұрып орын алар сырлы мұрасы, болашаққа бағдар болар ұлтымыздың көзтоймас жауһары.

Объяснение:

міне

0,0(0 оценок)
Ответ:
масяня114
масяня114
24.09.2022 02:40

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрған Қазақстан үшін биылғы жыл табыстар мен жетістіктердің, оң өзгерістер мен мерейлі тойлардың жылы болып отыр. Солардың ішінде Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды ауқымы кең, мағынасы терең даталы мерекелердің алатын орны ерекше.

Осындай тарихи кезеңде елімізді әлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды. Бұл ұсыныс қазақстандықтармен қоса алыс-жақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да айрықша қолдауға ие болды.

«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Объяснение:Можно отметить как лучший ответ?)

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота