4-тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып, сөйлемдер құраңдар. Елімізде бірнеше танымал әрі табиғаты әсем таулар бар. Түрген шатқалы, Сарыарқа, Мұғалжар, Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы – Қазақстанның белгілі таулары. Сарыарқа Орталық Қазақстанда орналасқан. Орташа биіктігі 500-600 метр. Сарыарқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажай аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды. Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы /657 м/. Маңғыстау таулары Каспий теңізіндегі Маңғыстау жартыаралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым.
Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.