В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
titan9064
titan9064
17.03.2020 18:38 •  Қазақ тiлi

4 - тапсырма Оқшау сөздерді қатыстырып, жауынгерлердің ерлігі туралы 6 сөйлем жазу

Показать ответ
Ответ:
angelok200332
angelok200332
07.06.2021 05:33
Уа, дариға, алтын бесік, туған жер,
Қадіріңді бідмей келсем, кеше гөр...
Қ. Аманжолов

Шыр етіп дүниеге келген жер, кіндік қаны тамған жер әрқашанда қымбат, әрі ыстық демекші, әркімнің өз туған жері бар.
«Туған жердің түтіні де жылы» деген мақалды естіп, көкірегімізге түйіп өскен мен де бір қазақтың баласымын. Туған жер десек көз алдымызға көсіліп жатқан кең дала, сол далада емін-еркін жайылған төрт түлік малдардың елестейтіні сөзсіз. Өйткені, қазақтың негізгі күн көрісінің өзі - төрт түлік малы.
Әрбір адамның өз туған жері, елі бар. Сол жер әрдайым сені тартып, сені шақырып, құшақ жайып қарсы алады. Неге бұл жер сені өзіне әрдайым тартып, шақырып тұрады? Мүмкін, сен дүние есігін алғаш рет осы жерден ашқандықтан болар. Қарапайым кішкентай адам бірінші рет күнді көрді, жаңбыр айқайын естіді, мектеп есігін ашты және де сенімді достарын тапты. Бұл ғажап құбылыс емес пе! Қалайша өзіңді бақытты демессің.
Менің кіндік қаным тамған елім, жерім - Петропавл қаласы. Осы жерде мен дүниеге келдім, өсіп келем және білім алудамын. Туған жерім мен үшін дүниедегі ең қымбат, сұлу жер. Бәрі де сондай жаныма жақын! Мен үшін керемет қала - Петропавл қаласы. Бұл менің туған жерім және де мен оның бөлшегі ретінде саналамын.
Мен де өзімді бақытты деп сезінемін. Өйткені менің туған жерімде өз махаббаттарын сыйлайтын қымбатты ата-анам, қорғап қолдап тұратын аға-әпкелерім, сенімді достарым, әринеде, білім есігін ашқан ұстаздарым бар.
Ғажайып сезімдермен мен көшелерімді, кішкентай, тыныш ауламды еске алып жүремін, өйткені қаншама қызық, қаншама керемет естеліктер осы туған жеріңде өтіп жатыр. Әрдайым оқудан оралғанда үстелдегі тәтті тоқаш пен сүт, орман-тоғай, өзен-көлдер - мұның бәрі ұмытылмас балалық шақ, керемет естелік. Туған жердің ғажап әр бөлігі мені сол ұмытылмас уақытқа жеткізеді.
Еліміздің барлық байлығы мен үшін қымбат және осы еліміздің байлығын мақтан етемін. Өз еліңді сүю - халқын сүюмен тең келеді.
Халық - бұл еліміздің басты байлығы. Қазақ жерінде, бір шаңырақтың астында жүз жиырмадан астам адам еңбек етеді. Біз, әринеде, еліміздегі бірлікті, тыныштықты қолдаймыз. Және де оның барлығы біздің, өзіміздің қолымызда екенін түсінеміз.
Туған жерімнің табиғатына келер болсам, оның сұлулығы, әрине, кімді де болсын тамсандырады. Менің елімнің табиғаты шалқар, көз тартарлық бейне перде сияқты. Өзі сондай сәнді киім үлгісі сияқты әр жыл сайын өзгеріп отырады. Күз кезінде ол керемет алтын түске оралады. Айнала сап-сары, керемет көрініс. Қыс айында суық боран, ызғар жел болғанымен табиғат көрінісі сүйкімді. Көктем кезінде құлпырған гүлдердің хош иісі тамсандырып тұрады. Біз көктем сұлулығымен тамсанып жатқанымызда, гүлдер бүршіқ жарып сұлу көрініс береді. Құстардың әсем әуені адамды жақсы сезімге бөлейді. Ал, жаз мезгілі өте ерекше. Айнала қоршаған қалың орман, телберіп, құлпырып, жайнап өскен ағаштары, кеудеңе құйылған мөлдір бұлақ сулары, алтындай ауасына не жетсін, бұл жалғанда?! Шынында да, а дүниенің қай түкпіріне барсада, туған жерін әрдайым есте сақтайды. Сағына еске алады, қастерлейді, қорғайды - бұл сөзсіз.
Табиғат, оның сұлулығы жайлы көп шығарма жазылған. Бұл тақырыпқа өте көп ақын-жазушы тоқталған. Қай ақын болмасын табиғат сырын барынша зерттеп, оқырман үшін жеткізуге тырысады. Ал, кейіпкерлер тыныш қана тындап тұрады. Шынында да, табиғат ән айтып, өмір сүріп жатыр.
А ғана табиғаттың өмір сүру жалғастығының дамуына бар қол үшін беруге тиіс. Табиғаттың келешегіне адам ғана жауапты. Туған жеріміздің, табиғаттымыздың сұлулығы, көркі адамға байланысты.
Табиғат түсінігін тереңірек зерттегенде, біз - өз жеріміз, Отанымыз, Қазақстанымыз жайлы айтамыз. Туған жерімізде әрдайым бұлбұл үні, орман шуы, өзен-көлдер дауысы шарықтай берсін!
Туған жерім мен үшін қымбат. Мүмкін, сондықтан болар, туған өлкем туралы көп ойланамын. Туған жерімнің өткен өмірі мені қаншалықты қызықтырса, болашақ өмірі көңілімді соншалықты алаңдатады. Сондықтан, осы жерді көркейтугеғ қадірлеп-қастерлеуге ат салысамын. Қаламның болашағы үшін аянбай еңбек етемін, оқу оқып, білім аламын. Туған жерді, елді нығайту – біздің басты парызымыз деп ойлаймын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
58310
58310
20.02.2021 08:27

Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бес жаман іс пен бес жақсы қасиет атауларын теріп жазу.

Ұлы дана Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде «бес нәрсеге асық бол» деп, талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат пен рақымды асыл істер қатарына жатқызып, сонымен қатар «бес нәрседен қашық бол» деп, жаман істерге: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ секілді қасиеттерді жатқызған.

Әрине, адам болу үшін айтылған асыл қасиеттердің маңызы зор. Жоғарыда айтылған бес қасиеттің қайсысын алсаң да, барлығы адам бойында керекті қасиеттер деп есептеймін. Себебі адам талпынбаса, талаптанбаса, еңбек те етпейді, демек еріншек болады. Ал терең ойлау қабілеті болса да қажет. «Бар нәрсеге қанағат» деп шүкіршілік айтпасақ, тағы болмайды. Ал адам бойында рақым болмаса, мейірімділік те болмайды, демек, ізгілік пен махаббат та орын алмайды.

Бес жаман істен неғұрлым аулақ болып,бойымызды да, ойымызды да таза ұстаған жөн. Басқа адамдарды өсектеп, ғайбат әңгіме айту еш жақсылыққа жатпайды. Кеудені керіп бос мақтанып, одан қалса, еңбек етпей, еріншек болу, босқа мал шашу – аулақ болатын істер. Себебі, өмірде еңбекпенен мал тауып, нан алып жесең, одан тәтті әрі қымбат ас болмайды деп есептеймін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота