Азаматтық парыз — адам мен қоғам үйлесімділігін білдіретін әлеум.-этикалық ұғым, жеке тұлғаның туған жер, ата мекен, Отан, халық алындағы парызы.[1] Қазыбек би “Алтын ұяң — Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат” деген. Адамзат пен Отанды сүю тек азаматтық парыз емес, сонымен бірге ар-намыспен де байланысты. “Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді” деген осыған мегзейді. Азамат үшін тіршіліктің ең қиыны, күрделісі — нағыз адам болу. Адамға өз ісін жетік білу де — азаматтық парыз Пайғамбар хадистерінде “үйренуге қорланбадым, әркімнен үйрендім, әркімге үйреттім” деген ұлағатты сөздер бар. Азаматтық парыз адам құқықтарын қастерлеумен тығыз байланысты. Азамат өз құқықтарын пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге қоғам, заң және басқа тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сезіну қажет. Азаматтық парыз азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет және халықтың шынайы билігі бар жағдайларда толық жүзеге аса алады.
«Қазақстан ғалымдары» энциклопедиялық анықтамалығына Қазақстан жерінде дүниеге келген, осы жерде ғылыми еңбек атқарған, қазақ ғылымының басында тұрған тұлғалар, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академиктері мен корреспондент мүшелері және аса көрнекті ғалымдар, ғылым докторлары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, белгілі ғылыми мекемелердің басшылары, қазіргі замандағы ғылыми ортаға өзіндік тың жаңалығымен әйгілі тұлғалар, т.б. ғалымдар туралы деректер энциклопедиялық тәртіппен, әліпби бойынша берілген. Энциклопедиялық мақала әр ғалымға арналып, жеке суретімен толықтырылған. Келесі томда жалғасын табатын бұл басылым Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен ғылыми бағыты және толымды табыстары туралы білгісі келетін қалың оқырманға арналады.
ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ

Объяснение:
Текст взят из мозга))