Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық!
"Менің туған күнім" тақырыбында диалог:
Сәуле: – Сәлем,Назерке!Қалайсың?
Назерке: – Сәлем!Жақсымын,сен ше?
Сәуле: – Мен де.Ал бүгінгі келіп жеткен туған күнің құтты болсын!
Назерке: – Рахмет,Сәуле!
Сәуле: – Туған күніңнің құрметіне отырыс ұйымдастыру ойыңда жоқ па?
Назерке: – Әрине,бүгін түстен кейін біздің үйге шақырамын!Сыныптастарымды және басқа да достарымды шақырып жатырмын.Сен де бірге бол.
Сәуле: – Жарайды.Менің саған деген сыйлығым дайын және ол құпия.Отырыста не болады?
Назерке: – Бәрі болады.Дәмді тағамдар,ойындар,би мен ән де болады.Кешігіп қалма,жарай ма?
Сәуле: – Жақсы.Онда кездескенше!
Фастфуд (жылдам даярланатын тағамдар) туралы.