5. Мәтінді оқы. Қайталанып тұрған сөздерді мағынасы жуық сөздермен алмастырып айтып көр. Біз Астана қаласына сая- хат жасадық. Онда әдемі салынған үйлер көп екен. Оқушылар сарайы да өте әдемі. • Мәтінге ат қой және өз нұс- қанды дәптерге жаз.
Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі - қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік» -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу - ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.
Тіл - тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл - тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақ тілінде», - деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз - қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ.
Тіл бірлігі ел бірлігі.

Көз майын тауысу – көп оқу арқылы білімге ұмтылу. Синонимі: көзі ашылу.
Ит арқасы қиянда – алыста. Синоним:жер аяғы қиянда, ит өлген жер.
Инемен құдық қазу – ауыр. Синонимі: қабырғасы қайысу.
Жүрегі жарылу – қатты қуану. Синонимі: төбесі көкке жету.
Жерден жеті қоян тапқандай – үлкен қуаныш. Синонимі: екі езуі екі құлағына жету.
Маңдай терін төгу – қажырлы еңбек ету. Синонимі: жердің жарығын бітеу.
Қиындықта шыңдалу – қиындыққа қарсы тұру. Синонимі: ыстық-суықты көру.
Тағылымдамадан өту – тәжірибе жинау. Синонимі жоқ.
Биік дәрежеге жету – биік деңгейге көтерілу. Синонимі: беделі көтерілу.