В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
TESSORO
TESSORO
27.04.2020 15:34 •  Қазақ тiлi

5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз тжб казак тили


5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз тжб казак тили

Показать ответ
Ответ:
Artur242
Artur242
03.09.2020 10:07

Біздің уақытымызда электр энергиясы барлық жерде қолданылатын негізгі энергия көзі болып табылады. Оны кеңінен қолдануға мүмкіндік берілді электр желілері , олар электр энергия көздерін және тұтынушыларды біріктіреді. Электр желілері немесе қысқартылған электр жеткізу желілері электр энергиясын тасымалдау функциясын орындайды. Олар жер бетінен жоғары немесе «ауа» деп аталады, немесе жер астында немесе су астында көміліп, «кабель» деп аталады.

Әуе электр жеткізу желілері күрделі инфрақұрылымға қарамастан, кабельдік желілерге қарағанда арзанырақ. Жоғары вольтты кабель қымбат және күрделі өнім болып табылады. Осы себепті, осы кабельдер арқылы сым арқылы тіреуіштерді орнату мүмкін емес жерлерде, мысалы, теңіз борты, кең өзендер және т.б. Электр желілері қалалық инфрақұрылымның арқасында мүмкін емес құрылыстарды салу мүмкін елді мекендерде қоныстанған.

LEP, үлкен ұзындығына қарамастан, Ом заңы басқаларға ұқсайтын бірдей электр тізбектері. Сондықтан электр желісінің тиімділігі онда кернеудің артуымен тікелей байланысты. Ағымдағы күш азаяды, онымен бірге шығындар азаяды. Осы себептен, электр станциясынан алыс тұтынушы болып табылады, жоғары кернеулі электр желілері болуы керек. Қазіргі заманғы ультракүлгін электр беру желілері электр энергиясын миллиондаған кернеулердің кернеуімен жібереді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
temaghj2
temaghj2
27.08.2021 04:48

Тіл дыбыстары дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөлінеді.

Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы үннен жасалады.

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.

Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.

Басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде жуан дауысты мен жіңішке дауысты дыбыстар араласып келе береді. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.

Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.

Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.

Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.

ЖАЗЫЛУЫ

АЙТЫЛУЫ

Құрық

Жүгері

Жұмыс

Көңіл

Көркем

Өнер

Орын

Құрұқ

Жүгөрү

Жұмұс

Көңүл

Көркөм

Өнөр

Орұн

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.

Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші, т.б. Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.

БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР

ҚОС СӨЗДЕР

БІРІККЕН СӨЗДЕР

Куә

Дүдәмал

Күмән

Антоним

Лото

Мазмұн

Мағлұмат

Мәжбүр

Дәстүр

Әп-әдемі

Дәрі-дәрмек

Той-томалақ

Құл-құтан

Ат-көпір

Дүние-мүлік

Салт-дәстүр

Күндіз-түні

Күмбір-күмбір

Аягөз

Қараөткел

Орынбор

Көнетоз

Аққұтан

Айнагүл

Меңдіқұл

Жанбота

Келіссөз

Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен, а дыбысы жазылады.

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Рәзинә

Жәмилә

Рәсуә

Жәйләу

Шәй

Кітәп

Рәзина

Жәмила

Рәсуа

Жайлау

Шай

Кітап

Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у=тоқу, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.

Соңғы буынында ы, і әріптері бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.

Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.

Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді де, қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздер болып саналады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Жыйын

Қыйын

Тыйын

Ыйық

Кійім

Кійіт

Ійне

Жиын

Қиын

Тиын

Иық

Киім

Киіт

Ине

Мұндай сөздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп аталады.

Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.

Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына и жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота