В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dinara169
dinara169
01.08.2022 17:08 •  Қазақ тiлi

5. Сұраққа жауап бер. Шындыққа жанаспайтын құбылыстар бейнеленетін шығарма кеней Кім? Не? п сөйле) м) «Абай жолы» романының авторы

Показать ответ
Ответ:
eldarosmanov
eldarosmanov
30.11.2022 04:16

ответ:Шылау сөздердің сөз таптарының ішіндегі өзінің тілдік табиғаты, қызметі, қолданысы жағынан ерекшеленуімен қатар, тұлғалық өзгеріске түспеуі, оның негізгі морфологиялық белгісінің бірі болып табылады. Осындай қасиеттеріне байланысты қазақ тіл білімінде шылауды топтастыруда түрліше тұжырым, пікірлер бар.

К.Аханов шылаулардың «көмекші сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарының ұласып, бір-біріне сіңісіп кететіні соншалық, олар кейде аффикстер тəрізді қызмет атқарып, солардың мағыналарына барабар мағыналарды білдіреді» деп көрсете отырып, грамматикалық мағыналары сəйкес келген жағдайларда бірінің орнына бірі қолданыла алатындығын да айтып, шылаулардың грамматикалық мағынасы қосымшалардың грамматикалық мағынасымен сəйкесетінін мысалмен келтірген [1].

Бірақ шылаулардың морфологиялық формалар арқылы түрленіп өзгермеуі негізгі қасиеті болғанымен, оларда басқа сөз таптарында болатын кейбір ерекшеліктер кездесіп отырады. Басқаша түсіндірер болсақ, сын есім есімдер тобына жатса да, өзінің сындық қалпында септік, көптік, тəуелдік жалғауларын қабылдамайтыны мəлім əрі кейбір есімдік сөздер де септелмейді. Ал, кей септеуліктер сол септеулік дəрежесінде тұрып-ақ морфологиялық жағынан тұлғаланып, кейбіреулері септік формасын, кейбіреулері көптік, жіктік жалғауларын қабылдап, кейбіреулері жұрнақтарды да қосып алып, түрленіп өзгеріп отырады.

Тілімізде кездесетін осындай септеулік шылауларға тоқтала кетер болсақ, атау септікті меңгеретін септеуліктерден «бойы» сөзі тілімізде барыс, жатыс, көмектес септік формаларында келеді. Мысалы: Осындай тойлар Алуаны жағалай қонған ауылдарды жаз бойына біріне-бірі ұласып жатты (С.М.). Байтас та күлген бойында қайта оралып келеді екен (М.Ə.). Сүлеймен жылаған бойымен айта берді (С.Ер.).

Бұл сөйлемдерде «бойы» септеулігі «бойына, бойында, бойымен» формасында келгенімен, оның негізгі көмекшілік қызметі мен мағынасында өзгеріс болып тұрған жоқ. «Бойы» сөзіне жалғанып тұрған «-на, -нда, -мен» жалғауларын жалғамай-ақ: Осындай тойлар Алуаны жағалай қонған ауылдарды жаз бойы біріне-бірі ұласып жатты. Байтас та күлген бойы қайта оралып келеді екен. Сүлеймен жылаған бойы айта берді деп өзінің алғашқы тұлғасында айтуға да болады. Олай болса,«бойы» септеулігі септеліп өзгереді деп қарамай, кейбір септік формаларын қабылдау қабілеті сақталған деп қарағанымыз дұрыстау болады деген пікірдеміз.

Удачи

Поставь и оценку 5

0,0(0 оценок)
Ответ:
natava1998
natava1998
23.09.2022 06:22

Шымкент — Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала[5], 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Түркістан облысының орталығы.Шымкент

Қалада 1 121 809 адам тұрады (1 қазан 2019)[ Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында. Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болды.

Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ (мұнай өңдеу), "Интеркомшина" (доңғалақ өңдеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), "Южмаш" (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), "Электроаппарат" (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – "Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), "Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.

Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен "Шымкентмай" және "Қайнар" (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер), "Шымкентпиво" (сыра өндіру), "Визит" (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Сонымен қатар, қала шаруашылығында өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық қызметжүйесі: қалалықжәне қала-аралық көліктер даму үстінде.

Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, кәріс, әзірбайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып келеді.

2002 жылы Шымкентте «Ардагерлер аллеясы» қайта жандандырылды. Қалада 8 саябақ пен сквер жұмыс істейді. Олардың үшеуінің негізі XIX ғ. ортасы мен XX ғ. басында қаланған. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония жемісті жұмыс істеуде. 3 мәдениет сарайының залдары ешқашан да бос болмайды. Үш кинотеатрда қазіргі заманның фильмдерін тамашалауға болады. Қангүй мемлекеті дәуірінің бірегей экспонаттары облыстық өлкетану мұражайында қойылған. Қалада 28 кітапхана бар.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота