5-сынып. №1 ТЖБ 1-тоқсанда «Қазақстандағы жан – жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бойынша №1 –тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ( )
Оқу мақсаты:
5.1.3.1 мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
5.3.5.1 оқылым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтау
Бағалау критериі:
-мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.
- негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды
Оқылым
Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.
«Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ, аңдар мен құстар, өсімдіктер кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, өсімдіктер енгізілді.
Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт.
Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
⦁ Мәтін мазмұнына сай тақырып қой
1б
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазз.
Алғашқы - 1б
Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жаз.
3. Мәтін не туралы ? 1 б
4 Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қайда қорғалады?
1 б
Берілген суреттерді атап ,әр суретке сөйлем құрап жаз.
1. Бұл .
1 б
2. Бұл .
1 б
3.БұлҚыз 3. Бұл
Қазақста 1 б
Жазылым 8 б
Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз
(60-70сөз).
Әйел үйдің сәні, себебі, ер адам табыс тапқанымен үйдің барлық жағдайын жасайтын әйел, тазалығын, бірлігін сақтайды, балаларын тәрбиелейді.
Әйелдің жолы үлкен, бұл жерде тек ана болғандығынан жолы үлкен.
Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар. Мақалда айтылғандай, ер адамда жағымсыз әрекеттер болса жақсы әйел елге жария етпей өзінің жақсы мінезімен жөндейді, жаман әйел күнде ұрыс шығарып, елге жаяды. Жақсы әйел ерінің жақсылықтарын мақтаныш етіп, ерінің мерейін үстем етеді.
Әке көрген оқ жонар- яғни әке тәрбиесін көрген ер бала ер адамға лайық істердің бәрін әкеден үйреніп, өмірге дайын болады. Шеше көрген тон пішер- шеше тәрбиесін көрген қыз, анасынан көргенін өмірде қолданып, ісімен де сөзімен де алған тәрбиесін көрсетеді.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің- бұл мақалда отбасында көрген тәрбиең қандай болса, өмірде сен де сондай болатының туралы. Мақалдардың бәрі тәрбие туралы.
Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.
Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.
Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.