В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
PomoshnikYa
PomoshnikYa
04.06.2023 21:01 •  Қазақ тiлi

5-сынып Қазақ тілінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-тапсырма. Айтылым. Септеулік жалғаулықтарын тауып, олардың қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіп айтыңдар. 5-сынып Қазақ тілінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-тапсырма. Айтылым. Септеулік жалғаулықтарын тауып, олардың қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіп айтыңдар.
Ақбоздан кейін ешкім көріне қоймаған соң, Балуан Шолақ жолдан бұрылып аттарды тоқтатты. Татьяна біраздан кейін қауіптен арылып еріккендей болды. Рас, қалқам, өзіммен бірге жүресің. Өзіңдей кішкене қыздармен бірге жатасың, бірге оқисың. Тастемір газетті алып қараса, суреті басылған адам- аумаған Тастан. Маңдайына бала кезінде құлын теуіп түсірген айшық таңбасына дейін түсіпті. Бұрын тақырлап қырып жүретін шашын да өсіріп, сол жақ шекеден оңға қарай қайырып тарап тастапты. Содан бері тапқан тасы Алтынсарының оянса есінен , ұйықтаса түсінен кетпейді. Сүрлеу жол жүрген сайын жоғарылай береді. Саған ерегіскесін кісі бойына шейін қазам осы шұқырды. Жаңбырдан кейін жаңарған ауамен пүліш даланың жұпар исі мұрынды жарып барады. Осы мектепке қарай аттылы да, жаяу да шұбырып қаптай бастады.
2-тапсырма. Жазылым. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген септеуліктердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.
Ордада туған байлауын Абай көпке... үй ішіне білдірмек емес еді. Орталарындағы жалғыз арбаны жегіп кеткендігі ... Айдарбектен ғапу өтіну бізге тиіс секілді. Осы кіре беріс бөлмеден төрге ... бірнеше бөлме бар еді. Жүз метр сайын бір бағана. Бағана ... бір шам. Радио... күнбе- күн байланысып тұру қажет. Әсем ақ көк атты жайдақ мініп , екі торыны жетекке алып, бұл да өзенге ... кетіп барады.
Керекті сөздер: арқылы, сайын, қарай, шейін, үшін.
3-тапсырма. Зат есімге байланысты тест тапсырмалары

1. Негізгі зат есімді белгілеңіз.
А) күнделік В) көркем С) ұлық Д) қол Е) ұғу
2. Зат есімнің сұрақтарын тап.
А) қанша? неше? В) қандай? қай? С) кім? не? Д) не істеді? қайтті? Е)кіммен ? немен?
3. Жалқы есімді көрсетіңіз.
А) сөйлем В) тәуелсіздік С) бұлбұл Д) ел Е) көкшіл
4. Деректі зат есімді анықтаңыз.
А) азап В) шабуыл С) дәулет Д) тас Е) ар-ұят
5. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.
А) алтыбақан В) жер С) даңқ Д) дария Е) жусан Максималды -155-сынып Қазақ тілінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

А) алтыбақан В) жер С) даңқ Д) дария Е) жусан Максималды -15​

Показать ответ
Ответ:
TokstoyLev
TokstoyLev
22.01.2020 05:13

Ата қоныс

Ата қоныс дегеніміз - атадан балаға мирас болып қалып отырған, кіндік қанымыз тамған киелі аймақ. Халқымыз "Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат" деп бекерден бекер айтпаған.

Әрбір адамға туған жері, туып өскен өлкесі, Отаны қымбат. Бауыржан Момышұлы атамыз кезінде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеген.

Туған жер, Атамекенді өлең-жырға қосқан ақын-жазушылар қаншама! Отан оттан да ыстық қой. Ата қоныс жерден жырақта жүрсең, туған жерің қашан да жүрегіңде болады, елге жеткенше асығып, шіркін, көк жайлауым-ай, асқар Алатауым-ай деп аңсамайтын адам жоқ шығар.

Туған жерді ешнәрсеге де айырбастауға болмайды, осы ретте дана халқымыздың "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген нақыл сөздері өте орынды айтылған. Себебі, туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!

Сондықтан менің ойымша, қазірден бастап Елбасымыз айтқандай балалардың, жастардың санасында "қазақстандық патриотизм" яғни отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, бойларына сіңіруіміз керек. Сонда ғана саналы ұрпақ тәрбиелеп, материалдық – рухани игілігімізді, сана – сезім мен төл мәдениетімізді қалыптастыра аламыз. Осындай тәрбие алып өскен ұрпақ келешекте Атамекен атын асқақтатып, Еліне барынша қызмет етіп, өз іздерін қалдыра алады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Rita7711
Rita7711
28.11.2020 10:32
Қыз жібек  "қыз жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі.  жырды ең алғаш зайсан уезінің (осы күнгі шығыс қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында қазанда бастырған. бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды:   басында менен жайылды,қисса болып бұл жібек,баспасына қарасам,бәрі шала сөзінің,еңіреп, жылап, жүр жүдеп,қисынсыз болған сөздері,жыламақ түгіл, күлмеймін, -  дейді.  жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары қазанда хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы әбубәкір диваев ташкентте бастырды. одан кейін 1933 жылы қызылордада, 1939 жылы алматыда "батырлар жыры" жинағына қоса басылды.  жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. мөлшермен айтқанда, "қыз жібек" әңгімесі xvii ғасырда туғанға ұқсайды. жырда жағалбайлы елінің қонысы қара теңіз жағасы деп келеді. мұнысы каспий (атырау) теңізі болуы керек. сол кездегі шектілердің қонысы ақжайық болған. бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. қазақ даласы патшалық россияға қарағанғa шейін жағалбайлы елі ақжайық бойын мекен еткен. осы кезде де жаманқала (орскі), магнитогорск маңында жағалбайлы жұрты аз емес.  жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың ақжайық бойын жайлаған шекті елін жаулап алуы. жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. жайық бойындағы аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас.  жыр геройының бірі - төлеген. төлегеннің өмірін сипаттағанда ақын оның туған күнінен бастап, өлген күніне дейінгі ісін суреттейді. мұнысы жырдың эпос жанрына толық ұқсайтындығын көрсетеді. соның ішіндегі ең басты сарын төлегеннің еркін махаббат, азаттық іздеген талабы болып отырады.  жайыққа алғашқы аттанған сапарында артынан жылап келіп, "барма, қал" деп тілек еткен анасы қамқаға төлеген:   бір сұлу алмай, шешеке-ау,сірә да көңілім тынар ма.талап қылған ісіненат басын ерлер бұрар ма, -  деп, торықтыра жауап береді. қыз жібекке екінші рет жүретін жолында ол артынан жылап келген інісі сансызбайға:   батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа, -  деп, батырлық пен байлықты мұрат етпей, көбіне сол асыл жар сүюді арман етеді.  төлегеннің осы сипатын әсірелеп көрсету үшін ақын түрліше композициялық әдіс қолданады. қыз жібектің көшін қуғанда төлегеннің ғашық жарын көруге асыққан көңілін жыршы оның атының шабуынан байқатады:   жер тарпынып жануар,ауыздықты басады.алдындағы белестенорғытып кеп асады.  бірақ ор қояндай секіріп, ұшқан құспен жарысып келе жатқан көк жорға аттың жойқын шабысы да төлегенге текірек сияқтанып көрінеді.  төлегеннің көш қуған жері - ғашық жүрегінде жанған үміттің аса бір жарқын, бақытты, зейнетті кезеңі.  төлегеннің сүйіспеншілік талабына бөгет болған төрт түрлі қара күш кедергі бар. бірінші бөгет шөлстан - алыс жол; екінші бөгет - ата-ананың теріс батасы, тағдырдың теріс қарауы; үшінші бөгет - көмексіздік, жалғыздық; төртінші бөгет - бекежанның жауыздығы.жырда қаратеңіз жағасын жайлаған жағалбайлы елі мен жайық бойын жайлаған шекті елінің арасы жүз күншілік шөл жазира, құс қонбас құла дүз болып сипатталады. сол шөлстанның ең бір жексұрын ұры қарақшы мекен еткен жері - қособа. төлегеннің ең рақымсыз, тілсіз жауының бірі - осы қособа. мұндай табиғат бөгеті қозы мен баянның да түбіне жетеді. мұның үлкен жұмбағы бар.  бұрынғы ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жетуі жолында тұрған бөгеттің бір саласы жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы табиғат бөгетіне байланысты айтылады. табиғат бөгетіне жататын нәрселер - аждаһа, жын, сиқыр, өзен, теңіз, алыс жол.  "
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота