Толғау жанры әдебиетіміздегі ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алады. Толғау өлеңде ақындар өмір туралы, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б тақырыптарда ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой қозғайды.
Толғау жанры қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар "санатна-сыятырлар", құмықтар "ойлу йырлар", башқұрттар "қобайыр" деп атайды. Ноғай мен құмық әдебиетінде ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген 13 - 14 ғасырларға сәйкес келеді. 15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Көрнекті өкілдері - Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Дулат, Махамбет, Базар т. б. Бұл жанр хандық дәуірде аса зор идеологиялық мәнге ие болды. Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі бейнелеу тәсілі - дидактика. Толғауда кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Құрылысы тирада пішінді, буын саны аралас, кейінгі даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, біртіндеп тұрақталған. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22561/

Объяснение:
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Алдын ашсаң, арқырар,
Ашу деген – ағын су,
Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісіге бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай,
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай,
Тындырымды інісі болса,
Қанат-құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса.
Інінің міндеті – басқару,
Ағаның реті - бас бағу емес пе?
Екі адам керіссе, оның арты - қызыл шоқ.
Объяснение:
Әйтеке бидің шешендігі