5-тапсырма. «Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, алғыр ит», - деп Әнет баба айтып кеткен «Жеті қазынаға» мән бере отырып, болашақтың «Жеті қазынасын» атап, жазып беріңдер. Кешегі күннің, бүгінгі күннің, болашақтың «Жеті қазынасы» деп бөлуіміз не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:
жүйрік ат;
қыран бүркіт;
құмай тазы;
берен мылтық;
қанды ауыз қақпан;
майланғыш ау;
өткір кездік.
Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қахарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы.