В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
diamond1277p08lfa
diamond1277p08lfa
15.05.2023 04:27 •  Қазақ тiлi

5.Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша кластер құрастыр.

Показать ответ
Ответ:
voznas
voznas
19.09.2022 12:10

"Көксерек".

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі – Абай, ХХ ғасырдағы асқар биігі – Мұхтар Әуезов. Дүниежүзілік әдеби классикаға асыл қазына болып қосылған қайталанбас көркем туындыларында М. Шолохов орыс өмірінің осы ғасырдағы елу жылдық болмысын бар бұралаңымен түгел шебер жинақтама, Мұхтар Әуезов қазақ қоғамының өткен ғасырдағы елу жылдық бітімін бүтін тамыр-тереңімен қопара зерттеп, аса білгірлікпен, асқан зергерлікпен жарқырата ашты.

М.Әуезов қаламынан небір асқақ туындылар шықты. Оның шығармалары әдебиетіміздің сүт бетіндегі қаймағы десе де болады. Ал "Көксеректі" оқымаған, фильмін қарамаған қазақ жоқ шығар.

М. Әуезов «Көксеректе» үстем күштің әсерінен елден де, жерден де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршіліктен айрылу алдында тұрған қазақ халқының жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан. Повесть жайын профессор Б.Майтанов: "Көксеректі" әлем әдебиетінің антологиясына кіргізетін, қамырдан қыл тартқандай қалам құдіреті, шеберлік осындай-ақ болар!"-дейді. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады.

Шығармада тек табиғат пен адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге отбасылық текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы жауыздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер. Қасқырлардың өзі бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шабуы шүбәсіз. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяп, бауыр басқаны үшін ғана құрбан болып кетті. 

Шығармадағы типтік образ, қазақтың қарапайым қойшы баласы – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал көксерек десе кез келген қазақтың жүрегінің дір ететіні белгілі. Мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Автордың шеберлігі мен парасатына тағы бір мәрте көз жетеді. Мұндай шеберлікке бас имеске болмас...

0,0(0 оценок)
Ответ:
ressko123
ressko123
17.08.2022 14:54

Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясында: “Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты”, – деп айрықша атап айтылған.

Бүгінгі кезеңде отандық білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты қыруар шаруалар атқарылу үстінде. Ал, бұл мәселе төңірегінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына оншақты жыл болды. Қазір осыған орай республикамызда заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қайтадан құрылу жолында. Нақтылай түссек,  халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар жүзеге аса бастады.

“Ертеңін ойламаған ел азады” дейді халық даналығы. Барын баға­лап отыратын, ұрпағына үмітке сай білім беріп, тәрбиелейтін ел озады.
Ел көңілін аударған  “Интеллектуалды ұлт – 2020” ұлттық бағдар­ламасының басты мақсаты да осы – қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, сөйтіп бүгінгі ғаламдық дамудың арқа сүйейтін негізгі байлығы – бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қа­лыптастыруға негізделген. Білімі қаншалықты жоғары мемлекеттің бүгінгі әлемдік қауымдастықта бәсекелестікке қабілеттілігі сонша­лықты биік болмақ. Осы жағдайда ерте бастан өркениетті мемлекеттерде интеллектуалдық бәсекелестік жүріп жатқаны даусыз.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ендігі бір міндеті – жастардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағаланады. Жаста­рымызды осындай мақсатта тәрбие­леуге біздің зор мүмкіндігіміз бар екендігіне дау жоқ. Міне, бүгінгі  интеллектуалдық мектеп­терге қойылатын талаптар осыларға негізделген.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота