5-тапсырма. суреттің орнына қосымша жалғанған сөздерді қойып, сөйлем
құра.
әлихан қобыз (рисунок)жақсы тартады.
нуркен домбыра (рисунок)жақсы тартады.
нариман пианино(рисунок) жақсы тартады.
нартай труба (рисунок) жақсы тартады.
әлібек гитара (рисунок)жақсы тартады
Менің қалам Қостанай
Ерте замандардан келе жатқан аңыз бойынша ұлан-байтақ жеріміздің Солтүстігіндегі Тобол өзенінің жағасында ірі қалалардың бірі-Қостанай. Қала атауының қайдан шыққаны туралы екі түрлі аңыз бар. Соның біреуіне сүйенсек, ертеде өмірі байға жалшы болумен өткен Қос және Танай деген кедейдің егіз қыздары болған екен. Көшпелі тірліктің қиыншылығын көтере алмай жарық дүниемен қоштасқан қос қыздың есімдері ел узында сақталып, уақыт өте осы аймақ ҚОСТАНАЙ деп атаныпты. Ал екінші нұсқа бойынша Қалмық шабуылынан Қазақ жерлерін қорғап атағы жайылған Қостана батыр атымен аталды деген аңыз бар.
Ресми түрде қалаға 1895 жылы Қостанай атауы беріледі. 1910 жылы уезд бастығы Кочергин балаларға көркем сурет мектебінің ғимаратын салдыртады. Бүгінде бұл ғимаратта Горький атындағы орыс драма және қуыршақ театры жұмыс істеуде. Қаланың бас жоспары 1968 бекітілген. Сол жоспар бойынша жүзгетасырылған Кеңестік дәуір сәулеті бұрыннан қалыптасқан әсем келбетін одан сайын түрлендіре түсті. 1985 жылдың басында қаланың орталығында классикалық үлгідегі сағаты бар тамаша мұнара тұрғызылды. Мұнда алғашқы мешіт 1893 жылы салынған. Кейіннен жұмысшылар клубы, кинотеатр, филармонияның концерт залына айналған бұл ғимарат 1898 жылы сәулет ескерткіші деп жарияланды. Тек содан он жыл өткенде ғана ғимарат өзінің бастапқы болмысына еніп,қайтадан мешіт ретінде пайдалана бастады. Қазір жаңа заман талабына қарай түрленіп жайнай түскен Қостанай қаласының болашақ бейнесі бұдан жарқын болатындығы күмәнсіз. Қостанай қаласы өзінің егісті алқаптарымен,өндіріс орындарына бай,танымал.Олардың ішінде: "Новый день", "Деп", "Карона" "Баян-сұлу", "Агромаш холдинг" т.б бар.
Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.
Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Мойын жіп байланғаны дұрыс. Пәтерде оларға арнайы орын бөлініп, оған құм немесе топырақ, ағаш ұнтағы салынған себет әйтпесе жәшік қойып, ішін күнде жаңартып тұрады.
Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің ІІ-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді».