5-тапсырма. Төмендегі тірек сөздерді қолдана отырып, көсемшені қатыстырып сөйлемдер құраңдар. Жіктік жалғауын дұрыс қойыңдар.
Үлгі: Мектеп қабырғасы, музыка, құру, ансамблін, Бақытжан
Байқадамов, жүріп.
Бақытжан Байқадамов мектеп қабырғасында жүріп музыка
ансамблін құрады.
1. Паш ету, «Дударай» әні, орыс, қазақ, пен, достығын.
2. Сүйгеніне, Естай әнші, арнап, «Қорлан» әнін, жазып.
3. Нотаға түсіру, А.В.Затаевич, ән, қазақ, 1000.
4. Біз, сабақ, күйшілер, ертеңгі, арнау, тақырыбына.
5. Айту, күйші, Тәттімбет, жайында, не.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.