В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Simps0n
Simps0n
31.12.2022 18:36 •  Қазақ тiлi

5-тапсырма. Толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіріп, оларды кестеге толтырың- дар.
Бастауышсыз толымсыз
Анықтауышсыз толымсыз
Пысықтауышсыз толымсыз
Толықтауышсыз толымсыз​


5-тапсырма. Толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтіріп, оларды кестеге толтырың- дар.Бастауышсыз толымсы

Показать ответ
Ответ:
катяlove4
катяlove4
28.12.2020 07:48

Уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір мезетте болмайтындығымен тікелей байланысты» деп Альберт Эйнштейн айтып кеткен. Уақытты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне, қызметіне  байланысты әр түрлі өткізеді және әрқалай қабылдайды. Адам есейген сайын, уақыты зымырап өтіп жатқандай көрінеді. Уақыт адам жайбарақат күйде болғанда тез өтіп жатқандай болғанымен, асыққанда өте жылдам, ал  кей кезде бір нәрседен қорыққанда немесе бір нәрсені күткенде уақыт өтпей қояды, тоқтап қалғандай сезінесің.  Отырыста, жұмыста жаныңда көңілді адамдар болып, олармен сөйлесіп отырсаң, уақытың сәтті әрі тез өтетін секілді, ал мағынасыз көп сөйлейтін адаммен уақытың жәй өтетінін байқайсыз. Осы кезге дейін уақытқа ғылымда анықтама берілмегенмен, уақытты үнемді пайдаланатын адамның өзі секілді. Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасайды. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты тиімді пайдалана біліңіз деген қорытындыға келеді.

Бүгінгі технологияның көптігі – уақытты дұрыс пайдалануға кедергі келтіруде. Әйтпесе, бұрынғы 24 сағат уақытпен қазір де өмір сүрудеміз. Уақытты жоғалтпас үшін адам әрбір күнін жоспарлағаны дұрыс. Қарап тұрсаңыз, бүгінгі заманымыз өткен ғасырмен салыстырғанда айтарлықтай жеңілдеді. Кезекке тұрмай-ақ, терминал арқылы коммуналдық төлем жасаймыз, ғаламтор арқылы сауда жасауға мүмкіндік туды. Техника жоқ кезде қажет дүниенің бәріне өз аяғымызбен бардық қой. Бір жерге бірнеше рет баратынбыз. Бірақ, сол кезде уақыт жеткілікті еді. Қазір көп уақытымызды осы компьютер, ғаламторға жіберіп алудамыз. Адамдардың техникаға тәуелділігі артып барады. Ғаламторға телміріп көп уақыт өткізіп шаршайсың. Содан соң физиологиялық-психологиялық тұрғыдан шаршап, көп уақыт бойы өзіне-өзі келе алмай да жүреді. Бірақ, өкінішке орай, бұл уақытты олар бос уақыт деп есептемейді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
8603184005291
8603184005291
27.04.2020 20:58
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен? Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз. Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба? Гүлмира, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті: Менің ұғымымдағы патриоттыққа келер болсақ, біріншіден, мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін. Егер маған қазақ тілінде ақпарат бере алмайтын орта болса, ана тілімізде жауап қатуды талап етемін. Менің бұл өз тіліме деген үлкен құрметім. Патриоттық ұғымымызда еліне, туған жеріне деген ғана сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды, ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады. Айнұр, Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты: Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан от басынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Ерлан, Мәскеу университеттерінің бірінде оқитын аспирант: Мен әрине, өзімді патриотпын деп санаймын. Қазір мен елімнен жырақта, көрші мемлекетте білім алып жатырмын. Менің бөлмемде көк туым мен қазақтың қара домбырасын қоспағанда көрпе-жастығымнан бастап, жамылатын жапқышыма дейін қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен өрнектелген. Қара шайды да арнайы қазақтың оюы салынған кесемен ішемін. Қол дорбам да, қалта әмияным да қазақтың нақыштарымен жасалып, тігілген. Мен бұның барлығын арнайы іздеп жүріп сатып алғанмын, кейбірін тапсырыспен жасаттым. Өз еліңде жүрген уақытта аса білінбейді екен. Ал өзге елде жүргенде туған жерге деген сағынышты айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстанға қатысты қандай бір жаңалықтар болып жатса, бәрін жиып қойып тыңдаймын. Қасымда Африкадан, Түркиядан, Индиядан бірге оқитын достарым бар. Олар біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге үлкен қызығушылар танытады. Бұл мен үшін мақтаныш. Өзімді қазақ екенімді, қазақ болып туғанымды мақтан етемін. Патриоттық, меніңше, білгелі бір уақытқа, кезеңге бөлінбейді. Ол әрқашанда өзінің ұлтына деген ыстық сезімнен тұрады. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота