5-тапсырма Жоғарыдағы мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне
қарай қолданыңыз. [5]
Қаланың қарбаласы түсінікті... Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет
театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апыл-ғұпыл киіміңізді өткізіп,
көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда,
сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады: «Ана
бір бос орынға отырыңыз!». Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос
орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Қойылымды тамашалағыңыз келеді. Сол кезде
не естідіңіз? Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна ауасымен тыныстап, сондағы
тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден!..
5-тапсырма
Жоғарыдағы мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне
қарай қолданыңыз. [5]
ответ:Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірге деген кең тыныс, тіршілікке деген ой толғаныс, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырдан келе жатқан қол жетпес мұрасы. Қазақ халқының басынан өткен сан қилы замандар, оның тіршілігі мен салт-дәстүрі, сана-сезімі, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарихи мәртебеге айналды.
«Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» – демекші Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік -гуманитарлық колледжінің студенті Жабағина Сая Ерханқызы он саусағынан өнер тамған тігінші. Ол кәсіптік оқыту «тігін өндірісінің технологі» мамандығының 3-курсында оқиды. Бос уақытында қалам тербейтін, поэзияға жаны құмар Сая бала кезден дизайнер болуды арман еткен. Ол өз мақсатына жетуде талмай еңбектенуде. Сол үшінде мамандықты таңдауда қателеспегеніне дән риза.
Іс тігу Саяға аяулы анасынан дарыған екен. Анасының «сен қыз баласың, саған тігін өнері келешекте өмірде керек болады. Ниетің түзу болса оқуды да өнерді де қатар алып жүруге болады» – деп үйреткені Саяның мамандығына тікелей қатысы болып шықты. Ол көбіне дайындаған бұйымдарын ұлттық нақышпен өрнектегенді ұнатады. Сонымен қатар, Сая үнемі ізденісте жүреді екен. Ғаламтор арқылы танымал дизайнерлердің жасаған бұйымдарының жасалу технологияларымен танысып, өздігінше әдемілеп тігіп шығаруға тырысады.
«Бала кезімнен тігін машиналарына қатты қызығатын едім. Өскенде міндетті түрде өз-өзіме дизайнер боласың деп айтатынмын және болашақта шағын да болса ательемді ашып, әр түрлі сәндегі киімдер тігіп, тіпті қолдан шыққан өнімдерді сататын дүкен ашып, халыққа қол жетімді бағаға сатуды жоспарлаудамын. Мамандығымды толықтай меңгердім десем де болады. Оқу орнының шебер оқытушыларының көмегімен көп нәрсеге үйрендім» – дейді жас талант иесі.
Бүгінде өз маңдай терімен еңбек еткен адам ғана асуларды бағындыра алады. Еңбекшіл адамдарға Үкіметтің жасап жатқан көмектері де көп. Бойына дарыған таланттың арқасында, жеке кәсібін ашып, өз шаруасын дөңгелентіп отырғандар арасында жастарда жетерлік. Саяның да өз арман мақсаттарына еш қиналмай-ақ жететініне сенімдімін.
Объяснение:
Өмірде шынайы дос ,өзіңе серік болатын дос табу қиын.
Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып.
М.Мақатаев.
Ойлап қараңызшы...Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынасты елестету мүмкін бе?Әрине,жоқ.Достық ол адамдардың бір-бірімен ұқсастығы,талғамдарының сәйкес келуі емес.Достық деген адамдардың бір-біріне қиын кезде де,қуанышта да бірге болуы,арадағы қатынасқа адалдықпен,ақ ниетпен қарауы.Былайша айтқанда,адал дос та,амал дос та бұл өмірде кездеседі.Тек олардың ара жігін айыра білу керек.
Қай адам болмасын жанынан әркез табылар шынайы досты іздейді.Әрі досына қарап адамды бағалайтынымыз тағы бар.Осыларды ескере отыра ондай адал достарды табу қиын істердің бірі екендігін білуге болады.Алайда,өзгеден мін іздеместен бұрын өзіңізге назар салып,баға беруіңіз қажет.Шын досқа лайықты болмасаңыз кемелденіңіз,ойларыңыз бен пікірлеріңізді өзгертуге тура келеді. Дана халқымыз «дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады» демекші,өтірік дос кейпін танытып,екіжүзділікке баратындарға сенгіш аңқау болмауыңыз керек.
Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше,- дегендей,қазір осындай достардың түрі көбеюде.Оларды ажырата алу үшін ақылдылық пен көрегенділік керек.
Қорытындылай келе,бұл өмірде нағыз досты табу қиынның қиыны.Алайда адал достық бұл қиындықтарға тұратын қатынас.Жоғарыдағы аталған шарттар орындалса,өзің шынайы бола білсең ғана шынайы досыңды іздемей-ақ табасың дегім келеді.Ал сол бір нағыз досыңды тапсаң,арадағы алып күштен айырылып қалмауға тырыс.