54-сабақ
ас мәзірі
1. диалогті толықтырып жаз.
даяшы: не қалайсыз?
ару: өтініш, маған құлпынай қосылған ұздақ
әкеліңіз.
өркен: мен торт жегім келіп тұр. қай тортты алсам екен?
даяшы: «прага» тортын ұсынар едім. шоколадты ұната-
сыз ба? ішіне грек жаңғағы мен шоколад қосылған.
өркен: бетіндегі не?
даяшы: беті шоколад және грек жаңғағымен безенді-
рілген.
ару: әкеле беріңіз. ол шоколадты өте жақсы көреді.
ұнамаса, көрерміз!
Құмырсқалардың адамға пайдасы.
Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ.
Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы:
1. Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен.
2. Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.
3. Сонымен қатар оның илеуі де ем болады екен. Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.
4. Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады екен.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)