56. Өлеңді түсініп оқы. Үйрену
Ұзын құйрық инелік,
Инелікке тимелік.
Тікұшақты жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Суда жүзген балықты
Бақыладық байыпты.
Соған қарап жасадық,
Біз сүңгуір қайықты.
Аққұманның оттағы
Бүлкілдейді қақпағы .
Соған қарап белгіле
Паровозды тапқаны.
Аяз- шебер суретші,
Салады әсем суретті .
Терезені оюлап,
Өрнектеуді үйретті.
Сұрақтарға жауап бер.
1.Ғарышқа ұшу қалай пайда болды?
2.Адам қайықты қалай ойлап тапты?
3. Бу мәшинесі қалай дүниеге келді?
·Адам табиғат құбылыстарынан тағы нені үйренуі мүмкін екенін топта талқыла.
·Өлеңнен тәуелдеулі сөзді тап.Сол сөзді үш жақта жекеше,көпше түрде тәуелдеп жаз.
олщяқяөвө