В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
11516118
11516118
06.11.2020 03:42 •  Қазақ тiлi

6. Автор осы үзіндіде қандай қасиеттке ерекше мән береді ? Нені айтқысы келді ? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен талдап жазыңыз . Жеті жұрт көшіп кеткен соң , Атамыз қазақ баласы Конып , мекен еткен жер . Мыңнан - мыңнан жылқы айдап , Жүзден - жүзден нар байлап , Дәулеті қалың біткен жер . Аузы түкті кәуірдің , Басы шошақ қалмақтың Қанын судай төккен жер . Алма мойын аруын Ерлерім олжа еткен жер . Күндердің күні болғанда , Таршылыққа қалынды , Қайырсыз болған неткен жер ?!​

Показать ответ
Ответ:
кВіТкА9876565446
кВіТкА9876565446
22.11.2022 02:19

Құрманғазы Сағырбайұлы 1806 жылы дүниеге келіп, 1879 жылы өмірден озды. Қазақ халқы өткерген сұрапыл тарих беттері мен өзінің жеке қасіреті, өмір туралы ойлары мен қазақ даласының, ұлттық мейрамдардың жарқын көріністері оның күйлерінде көрініс тапты.

Құрманғазының көрнекті шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі. Ұлы күйшінің шәкірттері мен ізбасарларының ойынша, бұл күй Исатай Тайманұлының көтерілісіне арналған.

Құрманғазы қандай тақырыпта күй жазса да, онда адам сезімінің барлық түрі – махаббат та, мейірімділік те, жақсылық та, рақымдылық та болды. Оның өзіне тән орындаушылық стилі болатын, өзінің ұлттық домбыра мектебі де болды.Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
vazhnenko912
vazhnenko912
04.06.2020 17:32
Жоспары:
1. Алтын адам - сақ тайпаларына тиесілі жәдігер.
2. Алтын адамның безендірілуі туралы.
3. Алтын адам - тарихымыздың көзі, еліміздің баға жетпес қазынасы.
     "Алтын адам" - Алматы облысының маңындағы Есік қорғанынан табылған құнды дүние. Ғалымдардың пайымдауынша, "Алтын адам" - сақ тайпаларына тиесілі. Бұл Алтын адамның жасы -17 -18 шамасында. "Алтын адам" - Қазақстан Республикасының құнды жәдігері, қазына, баға жетпес асыл. Әрі ата - бабаларымыздың көзі ретінде қалған аманат деп білемін. Ежелгі тарихымызды танып-білуге бір қадам жақындағандай боламыз. Алтын адамның киіміндегі әшекейлер жайлы айтып өтетін болсам, алтын адам - 4000 - ға жуық әшекейлермен безерленген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін  хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам»  – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанатты тұлпарорналасқан. Жылқы – сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. Сонымен қатар салтанатты рәсімдік, тәңірлік және аластаушы жануар қызметін атқарған.
Қазақстанда "Алтын адам" - біреу ғана емес. Алғашқы "Алтын адамды" 1969-1970 жылдары экспедиция барысында Кемал Ақышев тапқан болатын. Екінші "Алтын адам" 1999 жылы Аралтөбе маңынан табылды. Жақында үшінші алтын адам - Қарқаралы маңынан табылған болатын. Бұл 3 ескерткіш - тарихымыздың, еңселі еліміздің құнды жәдігерлері. Әрі мақтанышымыз деп айтуға да болады!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота