Біз отбасымызда «табиғат пен адам егіз ұғымдар» деген қағиданы ұстанып, үнемі демалыс сайын табиғат аясына демалып, серуендеуге шығып тұрамыз.
Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Әсіресе, менің ойымша көктемгі табиғат ерекше құбылыс. Себебі көктем келісімен, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" деп бір - бірімен жарыса, жар салатын тәрізді. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді.
Осылайша, күн жылынып, қар еріген соң табиғат аясына таза ауамен демалып, біраз тынығу үшін біз әрбір демалыс сайын қала сыртына шығамыз. Ешқандай абыр – сабыр жоқ, тек қана табиғат және біз. Осындай сәттер бойыңа ерекше нәр беріп, күш сыйлайтын тәрізді болады.
Ал табиғат аясындағы жазғы серуендеу ол мүлдем бөлек әңгіме, өзіңізді орман ішінде серуендеп жүргендей елестетіп көріңізші, жан –жағыңызда сайраған құстар пен жыбырлаған жәндіктер, таза ауа, ағаш астындағы көлеңкеде кітап оқудың өзі бір ғанибет емес пе?!
БИІК ШЫҢ, ШЫРША — ТАУЛАРДЫҢ КӨРКІ, БАЙЛЫҒЫ,ҰМЫТАР МҰНДА КЕЛГЕНДЕР МҰҢ МЕН ҚАЙҒЫНЫ.ДЕЛЕБЕҢ ҚОЗЫП ТҰРАСЫҢ ЕЛТІП БҰЛ ЖЕРДЕЖАРҚЫРАП ЖАТҚАН ШАҚЫРЫП МҰЗДЫҢ АЙДЫНЫ.(АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА, «МЕДЕУ») Жалпы,мұз айдынға «Медеу» деген атау қалай қойылды деген сауал туындайтыны анық. Тарихшылардың сөзіне сенсек, мұз айдын орналасқан шатқалға қазаққа танымал Шапырашты Пусырман батырдың ұлы Медеудің есімі берілсе керек. Медеу Пұсырманұлы өз заманында Верный уезіндегі кіші Алматы болысын басқарыпты. «Медеу» мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Талай тарихи сәттердің куәсі болған алып мұз айдында коньки, хоккей, мәнерлеп сырғанау бәсекелері өткізілген. Ал Азия ойындарында біз «Медеу» төрінен допты хоккей бәсекесін тамашалаймыз. «Медеу» 1975 жылдан бастап коньки спортынан әлем чемпионаты, әлем кубогы, КСРО біріншілігі сынды ірі жарыстарды қабылдай бастады. «Рекордтар ұстаханасы» саналатын «Медеу» мұз айдынында 120 әлем рекорды тіркеліпті. Коньки спортының үздіктері Евгения Куликова, Эрик Хайден, Валерий Муратов және норвегиялық Стен Стенсеннің әлемдік рекордтары «Медеудің» еншісінде. Мұз айдында 200ден астам КСРО рекорды дүниеге келді. Сондай-ақ Норвегия, Жапония, Германия. Польша елдерінің ұлттық рекордтары тіркелді. Тіпті әлемге танымал «Давос», «Инцель» мұз айдындарында осыншама көлемде рекорд тіркелмепті. Халықаралық коньки федерациясының сексенінші жылдардағы бас хатшысы Георг Хеслердің бастамасымен «Медеу» әлемдегі үздік мұз айдындардың қатарына қосылды. Ал танымал француз архитекторы Шаппи Лоранның өзі «Медеудің» құрылысына жоғары баға берді. Бүгінде «Медеудің» жаңа тынысы ашылып, күрделі жөндеу жұмысы жасалды. «Алғашында Кеңес елі «Медеуді» Қырғызстан елінде салуды жоспарлаған. Бірақ Дінмұхамед Қонаевтың араласуымен мұз айдын Алматыда салуға шешім шығарылды. Министрлер Кеңесі алғашында құрылыс жұмысына 1 миллион рубль қарастырған. Бірақ Қонаевтың араласуымен 14 миллион рубль бөлінді. Мұз айдынды салуға 3000 астам құрылысшы қатысты. «Медеудің» географиялық орналасуы, саф ауасы, самал желі ерекше. Қазақтың Байқоңырынан ғарышқа адамзаттың тұңғыш ұшуы сияқты «Медеуде» алғашқы әлемдік рекордтардың бірі тіркелді. Сондықтан, сан жылдар өтсе де «Медеу» адамзат тарихында мәңгі қалады»
Табиғат аясында.