В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
AGENT284
AGENT284
06.05.2020 09:24 •  Қазақ тiлi

6 сынып 8 тапсырма 《Коллаж əңгіме》.Төмендегі суреттер бойынша себеп-салдар,топтау үстеулерін қатыстыра отырып, əңгіме құра.

Показать ответ
Ответ:
ProgramAkkaunt
ProgramAkkaunt
09.02.2023 03:14

ответ:Әкесі әлемнің мұхиттары мен теңіздері, анасы көк аспандағы қара бұлт кішкентай Тамшы бүгін қатты қуанышты. Өйткені, ол алғаш рет жерге түспекші. Биіктен қарағанда жер өте әдемі екен. Жап-жасыл бір әлем. Әдемі қызғалдақтар мен сарғалдақтар, раушан гүлдер мен қоңыраугүлдер, жасыл тал-теректер мен жайқалған көк шалғын. Осының бәрі Тамшыға беймәлім бір әлемдей көрінді. Жерге түссе қуанышқа бөленетіндей.

Бірден сіркіреп, төпелеп тамшы балаларын төгіп жібермей Бұлт ана көк жүзін біраз шарлады. Жерге қараған Тамшы бір адамды көрді. Үстіне сулығын киіп, қолына қолшатырын ұстап алыпты. Өзі ашулы сияқты. «Қап, тағы да жаңбыр жауатын болды-ау. Жаңбырды жек көремін. Үсті-басымды малмандай су қылғаннан басқа пайдасы жоқ» деп күңкілдеп барады екен. Тамшы қатты өкпелеп қалды. Бұл жерге асығып тұрса, мұны да қаламайтын адамдар бар екен-ау. Тағы біраз анасының құшағында аспан көгінде жүрген Тамшы кенет үйінің шатырын жамап жатқан адамға кезікті. Ол да ренжулі сияқты.

Жаңбыр жауса, шатырдан аққан су үйімді алып кетеді деп ашуланып, аспанды бұлт торлаған сәтте шатырға шығып, жанталасып жатыр екен. Тамшы мұны көріп тіпті де жерге түскісі келмей қалды. Бұл тек жер бетіне нәр бергісі келеді ғой. Ал адамдар пейілдері бұзылып, мұны қаламайды. Соларға ерегіскенде бұл төпелеп, жер-аспанның астаң кестеңін шығарып үш-төрт күн бойы жауатын ақ жауынға айналғысы келді. Көңілі жабырқаған Тамшы кенет жерде отырған кішкентай қызды көрді. Өзі бірнәрсе істеп отырған сияқты. Анықтап қараған Тамшы қыздың кішкентай, нәзік қызғалдақтың жанынанда жылап отырғанын көрді.

Қызғалдақ нәзік күлтелерін көтере алмай басы салбырап кетіпті. Жапырақтары тіпті жерге жатып қалыпты. Біраз уақыттан бері су ішпей, шөлдеп тұрғаны анық. Ал бұл ауылда жаңбырдың жаумағанына біраз уақыт болған еді. Ыстық күн бәрінің апшысын қуырып барады. Жан-жануарлар да су іздеп, салқын мен сая іздеп сай-саланы шарлап кеткен. Шақырайған күн төбеде тұрып алып, бір жылжымай тұр-ау. Шіркін, жаңбыр болса! Тамшы қызға да, қызғалдаққа да жаны ашып кетті. Міне, оны жақсы көретін, оны қалайтын жандарды тапты-ау. Бұлт ана да ауылдың жағдайын көріп, жаны ашып кетті. Дереу ащы күннің көзін жауып, тамшы балаларын жерге төге бастады. Тамшы да қуанып кетті. Бауырларымен бірге Қызғалдаққа келіп төгілді де, оның бойына нәр болып құйылды. Кішкентай қыз да, ауыл халқы да қатты қуанды.

Бәрі жаңбырдың жауғанын мерекедей тойлап, балалар жалаңаяқ жүгіріп, асыр-салып бір жасап қалды. Кішкентай қыз бен Қызғалдақ та қатты қуанды. Гүлі басын көтеріп, қайтадан жайнағанын көрген қыз тұлымшағы желбіреп, алақанын шапалақтап «Жау, жау, жаңбыр, жауа берші!»деп әндетті. Тамшы да өзінің кішкентай қыз бен гүлге қуаныш сыйлай алғанына қатты шаттанды. Кейде адамға қуаныш сыйлау үшін бір Тамшының өзі жеткілікті болады екен-ау.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ataka4
Ataka4
19.10.2022 17:19

1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес – алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т.б.) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т.б.) қолданылады. Суармалы егіншілікте, көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көп жылдық жемшөптер, күріш өсіріледі. Тәлімі егіншілікте астық, жемдік дақылдар өсіріліп, құрғақ егіншілікке тән агротехникалық шаралар қолданылады. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Мұндағы агротехникалық шаралар топырақты су эрозиясынан қорғау мақсатында жүргізіледі; 2) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы. Егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып жоғары әрі тұрақты өнім алу, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау мәселелерін зерттейді. Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция, т.б.) тығыз байланысты.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота