6-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (ІІ тоқсан) Оқу мақсаты 6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге
бөліп оқу
6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген
мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу ("келісу, келіспеу"
эссесі
Бағалау - Мәтіннен маңызды деректерді іріктейді
критерийлері: - Тақырыптан ауытқымай эссе жазады
-абзац түрлерін жүйелі құрастырады
-келісу, келіспкеу себептерін айқын көрсетеді
-кәсіби, термин сөздерді қолданады
-- мәтіннен мысалдар келтіріп, ойын сауатты жазады
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1.Мәтінді мұқият оқып, тақырып қойыңыз. Мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз.
Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес.
2. «Нұр-Сұлтан - әлемнің атақты астаналарымен бой таластыра алатын бас қала» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Эсседе мәтіннен іріктелген мысалдарды қолданыңыз. Жазба жұмысыңызда неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қажеттісін қолданыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор
Білім алушы
Мәтіннен қажетті
ақпараттарды іріктеп оқиды 1 тақырыбын анықтайды; 1
қажетті жолдарды іріктейді; 1
дәлелді пікірлерді ажыратады; 1
Тақырыбына сай,
құрылымы жүйелі келісу-
келіспеу эссесін жазады
2 өзіндік көзқарасын білдіріп, келісу-келіспеу себептерін айқын жазады; 1
эссенің тақырыбынан ауытқымайды 1
абзацтар жүйесін сақтайды; 1
неологизм, термин, диалект сөз,кәсіби сөздердің қажеттісін қолданады; 1
мәтіннен мысалдар келтіреді. 1
сауатты жазады 1
Барлығы 9
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.
Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ, уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады.
Уақытты тиімді пайдалана білу үшін, адам ең алдымен оның маңыздылығын түсініп, әр іске шыдамдылық пен табандылықпен қарауы қажет. Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ, сондықтан уақытты ұтымды жұмсай алатын әр адам үлкен жетістіктерге жете алады.