6.Төмендегі мәтін үзіндісін ауызекі сөйлеу стиліне айнал- дырып, қайта жаз.
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын
жастар болғандықтан, олар ең алдымен білімді, ұлттық
құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына бірік-
тіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азамат-
тары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің
осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, со-
лардың бірі - Мәңгілік ел!
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.