6 тапсырма мәтіні оқыдар өсиетті талдап өздерің атқарғкан қайырымдылық істеріңді ортаға ортаға салып айтыңдар бір қайырымдылық шөлге су шығару
Мінсіз Мүсім айтады екен Жер тоймай ел тоймайды Адамның бар керегі жерден табылады Жер ырыстың кіндігі байлықтың сарқылмас бұлағы жер қойны асыл қазынаның арылмас қоймасы да оның кілті еңбектің қолында оны жебелей салатын сауыншы өнер Жер еңбексіз еріншекке шық бермес Шығайбай тәрізді қатты түк бермейді Жер еңбеккерге елжіреген ас еріншекке тас Жерден аламын десең сен де аямай жерге бер оның тілін біл мінезін үйрен бабын тап Еңбекпен елілдіре идір сумен сусынын кандыр балқыт жұмсарт семірт Сондва жер бересісін береді сен оның қолындағысын да аласың қойнындығысын да аласың
Айналасындағы қаңсып тандырлап кеуіп жатқан шөлейтке қайырымын тигізбей босқа әлдеқайда ағып сарқылатын дария ешкімге игілігі жұғыспаған білімі ауыспаған қанат құйрықсыз баянсыз ғалым тәрізді
Жанып тұрған оттай ыстық жазира шөлді көні кеуіп қуврдақтай қуырыып жан алқымға таянып тамшы суға зор болып көз шүңірейіп кеңірдек үңірейіп жүрегің сазарып талықсыған кезде ал мынаған таңдайыңды жібіте қой деп біреу бір шұқыр су ұсынып ажал аузынан алып қалса сен одан қолдап келген жақсылығыңды әрине аямас едің Дүниенің кілті сенің қолыңда болса яки керемет иесі болсаң ойланбай ақ тілеген тілегіңнің бәрі қабыл болсын дер едің Өмір деген қандай қымбат десеңізші
Жаңберменен жер көгерер алғыспенен ел көгерер дейді халық Дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ Баға жетпес қымбат бір қайырымдылық шөлсе су шығару дейді екен Мінсіз Мүсім
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы:қазақтарға тән бауырмалдық,ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әрхалықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап,бірін-бірі толықтырады.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын,қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне,ырымына, қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да,атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.
Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу,қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар,ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке,өмірге бейімдеу.
Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар; мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге:қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.