6-тапсырма. Мәтінді көңіл бөліп оқы. Әрбір абзацтағы негізгі ақпараттар- ды белгілеп, маңыздылығына қарай бөліп жаз.
Қандай халық болсын, оның жер жағдайы мен тұрмыс-тіршілі-
гі сол халықтың болмысына, мінез-құлық жаратылысына өз таң-
басын салып, санасына сіңетіні белгілі. Алла тағала қазақ халқын
бірін-бірі сағынысып жүрсін, бірінің қадіріне бірі жетсін деп әдейі
ұлан-байтақ жер беріп, сол керіліп жатқан кең жерге ала бұлттан
тамған тамшыдай қазақтарды сирек шашып жіберген секілді. Бөл-
кім, содан да болар, ата-бабаларымыз кісі көрсе, қуаныпты. Та-
нысын-танымасын, ұшырасқан адамға сәлем беріп, жөн сұрасып
әп-сәтте кедергісіз шүйіркелесiп, ұршықтай үйіріліп кетеді екен.
бы.
Қымбатты Анашым, мен сені қатты сағындым. Мен әрқашанда сенің қасыңда болғанға үйренгенмін. Біздің екі жақта болуымыз уақытша деп ойлаймын. Жақында мен оқуымды аяқтаймын. Сол күнді асыға күтудемін. Анашым, мен сені бұрынғыдан да қатты сүйемін. Келгеннен соң әркезде сені тыңдайтын боламын. Тезірек жолыққанша. Бетіңнен сүйдім.