6-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Мәтін бойынша ойында не сакталып калды? 2. Медреселерде қандай пәндер оқытылған? 3. Түркі ғалымдары кандай калаларда білім алған екен? 4. Кітапхананың сол кезендердегі адамдар үшін маңызы қандай еді? Себебі неде? 5. Отырар кітапханасы туралы қандай мәлімет әсер қалдырды? Неліктен? Ойыңмен бөліс. 6. «Егер Отырар кітапханасы күлге айналмаса...» деген ойды бір сөйлеммен қалай жалғастырар едің?
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.